01.02.2024 ж.
Оқу тәжірибеміздің бұл күні сабақ 8”Ә” сыныбына химия пәнінен келесі тақырып «Ковалентті байланыс» жайында болды. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін ағай өзінің дайындаған арнайы слайдымен түсіндірді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын арттырды. Және бұл әдіс керемет нәтиже беретініне көзім жетті.
Сабақ жете түсіндіргеннен соң, арнайы кітаптан тапсырма беріліп, оқулықпен жұмыс жасалынды. Балалардың тапсырманы белсенді орындағанынан тақырыпты өте жақсы меңгергенін түсіндім.
Бакыт ағай оқушылардың сабаққа ат салысып отырғанын байқап, арнайы бағалау жүйесімен бағалады. Үй тапсырмасы ретінде барлық оқушыға бірдей оқулықтағы ковалентті байланыстың түрлерін ажырату берілді.
4-сурет. 8”Ә” сыныбына өткен химия сабағынан үзінді.
Келесі сабақ 8 «В» сыныбында «Ковалентті полюссіз байланыс» тақырыбында болды. Оқушылармен амандасып болған соң, тақтаға тақырып жазылды. Тақырыптар бір-бірімен байланысты болғандықтан өткен тақырыпқа кері байланыс ретінде интерактивті тақта қолданылды. Оқушылар ұялы телефондары арқылы арнайы қосымшаға кіріп, тест тапсырды. Ағай тест қорытындысының нәтижесі бүгінгі баллдық жүйеге әсер ететнін атап өтті. «Кубизм әдісі» арқылы кубиктің алты жағына арналған сұрақтарға оқушылар кезектесіп, жауап берді. Осы әдістің жалғасы ретінде «Жинақтау әдісін» мұғалім алға тарта отырып, алдыңғы сұрақтарды алдымен жұптық, содан соң топтық талқылау жүргізді. Келесіде оқушылар ол сұрақтардың дұрыс және бұрыстығын анықтап алды.
«Білемін, білдім, білгім келеді» рефлексиясын пайдалана отырып, оқушылардан сабаққа кері байланыс алынып, үй тапсырмасы берілген соң, мұғалім сабақты қорытындылады.
02.02.2024 ж.
Бүгін 02.02.2024 практиканың 5-ші күні. 9 “Ә” сыныбында тарих пәнінен “Тұлғаны таны” атты ашық өтілуде. Сабақтың бүгінгі тақырыбы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-Республикасының тұңғыш президенті.
Сабақтың мақсаты:Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбевтың өмірі, шығармашылығы және саяси еңбектері туралы түсіну.
Сабақтың негізгі ұраны ”Үштік Одақ ынтымақтастығы-білім сапасының кепілі. Сабақтың басында “тарих”, ”тұлға”, ”тағдыр” деп үш топқа бөлініп, Н.Ә. Назарбаев видеоролик көріп оның жалпы өмірімен таныстық.
Әр топқа плакат таратылып,видеоролик бойынша дискриптормен тапсырма берілді. Қай топ бірінші орындап бітірсе 3 шапалақпен білдіріліп, 1-топ “Қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолы туралы”бірінші қорғауға шықты. Олар Қазақстанның тәуелсіздігі және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің елімізге атқарған еңбегі мен рөлі туралы айтып түсіндірді. 2-топ “Әлемдік тұлғалардың Елбасына берген бағасы” туралы қорғады. 3-топ “Елбасының саяси қызметі” туралы түсіндірді. Н.Ә.Назарбаевтың ”Еуразия жүрегінде” , ”Тәуелсіздік дәуірі” , ”Ой бөлістім халқыммен” атты оқулықтарын атап өтті.
Барлығы өздерінің көрнекіліктерін тақтаға іліп, келесі тапсырмаға кірісті. Келесі тапсырмаға Венн диаграммасы бойынша жұптық жұмыс берілді. Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек және Елбасын салыстыру яғни айырмашылығы мен ұқсастығын әр топ өзінше түсіндірді. Одан соң 3-тапсырма “Жылдармен жұмыс”.
Кестеде жылдар берілген,сол бойынша Қазақстанда қандай күн болып атап өтілетінін оқушылар түсіндірді.
Сабақ аяқталуға азғана уақыт қалғандықтан оқушыларға стикер таратылып, кері байланыс жасалды.
Ашық сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Ал ашық сабақтан қалған тәжірибемді айтар болсам, жаңа тақырып міндетті түрде алдыңғы тақырыппен байланысты болғандықтан, екі тақырыпты өзара байланыстырып сабақты қызықтырып өтуге тырысу керек. Оқушы тақырыпты толық меңгеру үшін түрлі әдістерді қолдана білу керек.
5-сурет. Ашық сабақтан үзінді
Келесі бекітілген сыныбымыздың физика сабағына қатыстық. Мұғалімнің сабақтардан белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастырудың төмендегідей әдіс – тәсілдерді қолданды:
- оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;
- түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
- мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
- оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс;
- бірін-бірі оқыту;
- түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану;
- математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;
- тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру әдістерін жете меңгердік.
Достарыңызбен бөлісу: |