Білім беру бағдарламасы бойынша жхм-313 тобының 1 курс студенті Нышанбай Арайлымның



бет1/8
Дата28.03.2024
өлшемі3.67 Mb.
#496747
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
арай отчет (1)


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің 6В01512-Химия білім беру бағдарламасы бойынша ЖХМ-313 тобының 1 курс студенті Нышанбай Арайлымның 29.01.2024ж. - 10.02.2024 ж аралығындағы оқу тәжірибе
ЕСЕБІ

Мен Нышанбай Арайлым 29.01.2024 ж.-10.02.2024 ж. аралығында Түркістан қаласы,Ж.Ташенов атындағы №23 «IT» мектеп-лицейіне оқу тәжірибесінен өтуге келдім. Оқу тәжірибесінен өту мақсатымыз оқушылармен тікелей жұмыс жасау арқылы,мұғалімдердің сабақ өту әдіс-тәсілдерімен танысып,болашақта баламен жұмыс жасау,оны сабаққа қызықтыру,жалпы педагог болуға тәжірибе жинау.




29.01.2024 ж.
Практикадан өтуіміз 29.01.2024 ж. басталды. Алғашқы күні тек жетекші және оқушылармен танысуға бардым. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оразбекова Майра апаймен жолығып, жолдама мен бұйрықты көрсетіп, мектепке қабылдандық.
Мектеп әкімшілігімен танысу және мектепке келу көңіліме тек қуаныш сыйлады. Алғашқы күннен бастап жетекшіміз Бакыт ағаймен тез тіл табысып кеттік.



1-сурет. Ж.Ташенов атындағы №23 «IT» мектеп-лицейі



2-сурет. Мектеп қабырғасы




30.01.2024 ж.
Практиканың екінші күні. Мектепке келе салып,жетекші Бакыт ағайдан маған жетекшілікке сынып беруді сұрадым. Ағай бұл ұсынысымды қуана қабыл алып,мені 8 «А» сыныбының сынып жетекшісі Шакизат Мұхтарқызымен таныстырды.
Шакизат апай өзінің сыныбына апарып сыныбымен таныстырды. Бірінші сабақ қазақ тілі болғандықтан сыныптың артында оқушыларды бақылап отырдым.
Маған берілген «IT» сынып болғандықтан олардың сабақ үлгерімдері де,тәртіптері де өте жақсы. Жасымызда қатты айырмашылық болмағанымен бәрі бірдей «Ұстаз» деген ұлы есіммен сыйлайды.
Екінші сабақ 8 «В» сыныбында химия пәні. Мектепке жаңадан келгендіктен,бұл сабақты 3-курс студенттері өтті.
Тақырып «Ковалентті байланыс». Алдымен тақырып түсіндіріліп,сол бойынша ноутбукпен екі топқа бөлініп ойын ойнатылды. Содан соң тақырыпты бекіту мақсатында кітаптағы берілген тапсырма бойынша жұмыс жасалды.
Алған тәжірибем оқушылардың сабақты толық игеруі тікелей сенің қалай сабақ өтуіңе байланысты.
Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым.
Шакизат апай оқушылардың деңгейін ескертіп, мінез-құлық ерекшеліктерін ескерте отырып қалай жұмыс жасау керектігімді айтты. Сынып белсенділерімен таныстым, сыныптың топ басшысымен тығыз қарым-қатынаста болдым.
Осының арқасында мен сыныппен жақсы тіл табысып кете алдым. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық практиканың жоспар кестесінде көрсетілген уақыт бойынша жұмыс жүргіздім.



3-сурет. Сынып бұрышымен тәжірибе алмасу сәті
Сабақ аяқталған соң жетекшім Бакыт ағаймен бірге сабақ өту бағдарламасымен, міндеттерімен және мазмұнымен таныстық.

Жетекшім өзінің тәжірибесімен, сабақ өтуінің қыр сырларымен,балалармен педагог-психолог ретінде қалай қарым-қатынас жасауды бөлісті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет