5-семинар. TQM мен EFQM жүйелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
«Жалпыға ортақ сапа менеджменті» (TQM) мен «Жалпыға ортақ сапа менеджмент
жүйесі» (Total Quality Management System (TQMS)) жайлы ұғымдары сапаны басқаруды
дамытудың көрінісі болып табылады.
TQM алғашқыда АҚШ-ң Қорғаныс Министрлігінде енгізілген болатын. «Total Quality
Leadership» терминіндегі басқару әскери терминге қатысты емес және TQM «total quality»
(тотального качества) енгізу деген мағынаны білдірді, сол себептен бұл термин «leadership»
(басқару, басшылық) сөзінің өзгерісінің нәтижесінде пайда болды.
«Тotal quality» терминінің нақты анықтамасы АҚШ-ң алдыңғы қатарлы 9 өнеркәсіп
басшыларының бастамасымен басталып, 1992ж. Сапа проблемасымен айналысатын
ғалымдар мен кеңес берушілердің тырысуымен бекітілген еді.
TQ (тотальным) жоғарғы басқару деңгейінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. TQ
кәсіпорыннң барлық бөлімдерін, қызметкерлерін төменнен жоғары қарай, тұтынушылар мен
жабдықтаушыларды толығымен қамтиды.
TQ оқу мен күрделі өзгерістерге әкелетін үздіксіз жұмыс істеу, жұмысты
ұйымдастырудың жоғарғы деңгейіне әкеледі. Тоталды сапаның философиялық (пәлсапалық)
негізін ғылыми әдістемелер құрайды. TQ әдістер мен құралдардан, жүйелереден тұрады. TQ
ұжымның жеке тұлғалық қасиеттері мен маңыздылығын негіздейді.
TQM
– әдістер мен құралдар біріккен, әкімшілікті тегіс қамти алатын
(всеобъемлющая) философия.
Сапа идеясының тарихи дамуы кәсіпорындар мен ұйымдардың сапа жүйесін бағалау
TQM принциптеріне байланысты қажеттілігінен туындады.
Еуропада бұл қажеттілік Еуропалық сапа менеджмент қорын (European Foundation for
Quality Management (EFQM)) «Business Excellence» («бизнесте алға шығу», «превосходство в
бизнесе») құруға әкелді, бұл қор TQM әдістері мен принциптерін кәсіпорынға енгізудегі
моделі болып табылады.
Ол-жапондық сапаны басқару менанизімінің орталық идеясы. Мұндай жүйе өнімнің
сапасы мен көлемінің ескі жүйесімен салыстыра отырып, сапасының төмендеп кету қаупінен
сақтайды. Шығарылатын өнімнің көлемі өскен жағдайда (нарықтың бәсекелестік талабына
сай), өнімнің сапасына кері әсерін тигізбей көлемін арттырудағы шаралар жиынтығы, кей
жағдайларда істелінетін шаралар өнім сапасына әсерін тигізуі де мүмкін.
Сапаны тоталды басқару сапаын салыстыу мен тиімділіктен бас тарту дегенді де
білдіреді. Үйренген батыстық фирмалардың нарықтық стратегиясы- өнімнің сапасы, не
болмаса оның арзан қол жетімді бағасы. Нәтижесінде нарыққа жаңа өніммен енгенде, өнімді
шығаруда жұмсалған шығын көлемінен жоғары, жаңа контструкторлы-техникалық
параметрлер бағасына қарай, өнімнің бағасы сәйкесінше тағайындалады.
Тоталды басқарудың маңызды компоненті- өнеркәсіпте сапамен қамтамыз етудегі
жауапкершілікті теңдей бөлу. Әдетте, шығарылатын өнімнің сапасына жауапты өндіріс
басшыларының жауапкершілігі, ескі әдіс болып саналады, себебі, өндіріс мәселесі (план
орындау) бірінші орынға қойылып, сапамен қамтамасыз ету көп жағдайда ысырылып
қалады.
|