Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет117/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Интерактивті тақта – бұл компьютерге қосылған сенсорлық экран, ондағы бейне 
проектор арқылы тақтаға тасымалданады.
Интернет (Internet) – компьютерлер арасында қашықтағы ақпаратқа қол жеткізуді жəне 
ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін өзара байланыстағы компьютерлік желілерден 
тұратын ашық əлемдік ақпараттық жүйе.
Интернет (Интернет желісі) – бөліктері бір-бірімен бірыңғай мекенжай кеңістігі 
арқылы логикалық өзара байланыстағы жаһандық ақпараттық желі.
Интранет (intranet) – интернет технологиялар негізінде құрылған жабық корпоративтік 
желі. Оның құрамында корпоративтік веб болуы мүмкін.
Информатика – компьютердің көмегімен ақпаратты жинақтау, өңдеу жəне тарату 
заңдары мен əдістерін зерттейтін ғылыми пəн.
Кейс (case) – əртүрлі тасмалдауыштағы (баспа, электронды, аудио) оқу 
материалдарының жиыны.
Компьютерлік графика – компьютер көмегімен графикалық бейнелерді құру, көрсету 
жəне өңдеу.
Контент (content) – мəтіндік, графикалық, аудио ақпараттың жиынтығы.
Корпоративтік ақпараттық жүйе – 1. Кəсіпорынның (ұйымның) қызметін құрайтын 
бизнес-процестердің маңызды бөлігін автоматтандыратын ақпараттық жүйе. 2. Ақпарат 
иесімен немесе осы ақпараттық жүйенің пайдаланушыларының келісімімен анықталатын, 
пайдаланушылары шектеулі тұлғалар болуы мүмкін ақпараттық жүйе.
Қашықтан қол жеткізу – аумақтық байланыс желілері арқылы абоненттік жүйелердің 
жергілікті желілермен өзара əрекет ету технологиясы.
Қашықтан оқу – оқулықтар, дербес компьютерлер жəне компьютерлік желілер арқылы 
қашықтықтан оқыту.
Қашықтықтан білім беру – білім беру біліктілігін растау жолы мен қашықтықтан 
оқыту əдістері іске асырылатын педагогикалық жүйе.
Құрылым (жүйе) – жүйенің элементтерінің өзара əрекеттесу жолдарын, оның 
тұтастығы мен бірлігін анықтайтын тұрақты байланыстар жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет