Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет120/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Телекоммуникациялық жүйе – телекоммуникацияны қамтамасыз ететін таратқыштан 
тұратын жүйе, оның көмегімен ақпарат алыныпберілген сигналдарға түрлендіріліп, сигнал 
беру ортасына жəне сигналдарды қабылдағыштарға, сонымен қатар оларды 
пайдаланушыға ыңғайлы ақпаратқа кері айналдыруды жүзеге асырады.
Телеконференция – желідегі көп тарапты хабар алмасу жəне қашықтағы 
пайдаланушылар арасындағы пікірталас жүргізу əдісі. Телекөпірдің əрбір қатысушысы 
өздерінің хабарламаларын, барлық қатысушыларға қарауға болатын, белгіленген желі 
мекенжайына жібереді. Жауап хабарламаларды бастапқы хабарды жіберушіге немесе 
жалпыға бірдей ортақ мекенжайға жіберуге болады.
Телемедицина – ұлттық стандарттарға қайшы келмейтін ақпараттық жəне


130 
коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтан кеңес алуды, сонымен 
қатар пациент немесе дəрігер басқа дəрігерден қашықтан медициналық кеңес алу қызметін 
жүзеге асыратын ұйымдық, қаржылық жəне технологиялық шаралар кешені.
Технологиялық алаң – технологиялардың жəне/немесе байланыс қызметтерінің 
жиынтығы
Технологиялық платформалардың жуықтамасы – жабдықтардыңфункционалдығын 
кеңейту мақсатында тағайындалуы əртүрлі технологиялар мен байланыс қызметтерінің 
өзара əрекеттесу процесі.
Тораб (node) – желіге қосылған компьютер, терминал немесе кез-келген басқа құрылғы. 
əрбір желі торабына басқа желілік компьютерлердің онымен байланысу мүмкіндігін 
беретін бірегей мекенжай тағайындалады.
Трафик (traffic) – уақыт бірлігіне берілген ақпараттың жиынтықкөлемі, мұнда ақпарат 
ағымы (бит/с) түрінде көрсетіледі.
Ұйымдық (əкімшілік) қорғау шаралары – бұл аж жұмыс істеу процестерін реттейтін 
шаралар, оның ресурстарын пайдалану, қызметкерлердің қызметі, жүйенің 
пайдаланушыларының өзара іс-қимыл тəртібінде ақпараттық қауіпсіздікті тудырмау 
немесемүмкіндігінше болдырмау мəселелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет