Электрондық үкіметке дайындық БҰҰ индексі – халықаралық рейтингті құру үшін
пайдаланатын, түрлі елдердегі электронды үкіметке дайындық
деңгейін көрсететін
біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық жəне əлеуметтік мəселелер жөніндегі
департаменті ұсынған композиттік индекс
Электрондық цифрлық қол қою құралы – аппараттық жəне/ немесе бағдарламалық
қамтамасыздандыру, кем дегенде келесі функциялардың біреуінің орындалуын:
электрондық цифрлық қолтаңбаның жеке кілтін пайдалана отырып электрондық құжатта
электрондық
цифрлық қолтаңбаны құру, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық
электрондық кілті арқылы электрондық құжаттағы электрондық
цифрлық қолтаңбаның
түпнұсқалығын растау, электрондық цифрлық қолтаңбалардың ашық жəне жабық
кілттерін құруды қамтамасыз етеді.
HTML тілі (Hypertext Markup Language) – Web-ті кодтау үшін пайдаланылатын негізгі
тіл.
HTTP протоколы (Hypertext Transfer Protocol) – серверден
жеке пайдаланушыларға
компьютерде гипермəтіндік құжаттарды көру үшін қолданылатын əдіс.
VRML тілі (Virtual Reality Modeling Language) – Web-ті пішімдеуге арналған виртуалды
нақтылықты модельдеу тілі
IP-адрес – торапқа тағайындалған 32 биттік интернет протоколының мекенжайы. IP
мекенжайы екі құрамдас бөліктен тұрады: торап нөмірі жəне желі нөмірі.
HTML (Hyper Text Markup Language) – арнайы пішімдеу командалары мен
гиперсілтемелері бар құжаттарды құруға арналған тіл.
URL (Uniform Resource Locator) – файлдың
сақталған серверінің атауын, файл
каталогының жолын жəне нақты файл атауын көрсететін желі торабы мекен-жайының
форматы.
WWW (World Wide Web) – мультимедиалық гипермəтінді байланыстыруға арналған
132
əлемдік тор.
Wi-Fi (Wireless Fidelity) – 802.11 стандартты сымсыз
желілер меносы желілерде
жұмыс істейтін құрылғыларға сілтеме жасау үшін пайдаланылатын термин.
3G, 4G – соңғы UMTS технологиясына негізделген үшінші жəне төртінші буынды ұялы
байланысты белгілеу. Бірінші буын телефондары аналогтық телефондар.