Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет65/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

DNS қызметі
 
Интернет желісі технологиясының жұмыс істеуі желідегі жұмыспен байланысқан 
барлық ережелер жиынын ескертетін хаттамаға тікелей байланысты. Жоғарыда біз 
интернеттегі мəліметтерді жіберу технологиясын қарастырдық, ол желіге қосылған 
бірнеше компьютерлердің ішіндегі ақпаратты жіберу жіне қабылдау ережелерін 
сипаттайтын, жалпы қабылданған стандарт – ТСР/ІР хаттамасына (IP (InternetProtocol) –
«интернет хаттамасы», ТСР (Transmission Control Protocol) –
«жіберуді басқару хаттамасы») негізделеді. ТСР/ІР интернетте жұмыс істейтін əрбір 
компьютер үшін нүкте арқылы бөлінетін (мысалы, 195.85.105.160), төрт сандардың 
тізбегінен тұратын, өзіндік ІР-адресті анықтайды. Кез келген бағытта əрбір мəн 0 ден 255- 
ке дейін өзгеруі мүмкін.
ІР-адрестер, пайдаланушының қосылатын желінің ауқымына сəйкес, кластарға бөлінеді.
– 
А класы – жалпы қолданыстағы үлкен желілерде қолданылады.
– 
В класы – орташа өлшемдегі желілерде (үлкен компаниялардың желілері, ғылыми- 
зерттеу институттарының, университеттердің желілері) қолданылады.
– 
С класы – жергілікті желілерде (шағын компаниялар мен фирмалардың желілері) 
қолданылады.
– 
D класы – компьютерлердің топтарына жүгіну үшін арналған.
– 
Е класы – кейінге сақталған.
Пайдаланушылардың жайлылығы үшін интернетте домендік атаулардың – DNS жүйесі 
(DNS (ағыл. Domain Name System – домендік атаулардың жүйесі) – домендер туралы 
ақпаратты алуға арналған жүйе құрылған. Көбінесе хосттың (компьютердің немесе 
құрылғының) атауы бойынша ІР-адресті алу үшін, домендегі хатамалар (SRV-жазба) үшін 
қызмет көрсетуші тораптар мен қызметтерді тасымалдау туралы ақпаратты алу үшін 
қолданылады. Домендік атаулар қызметі домендік атауды сандық ІР-адреске түрлендіруді 
жүзеге асырады. Осындай түрлендіруді орындайтын компьютерлер DNS- серверлер деп 
аталады.
DNS ерекшелігіне сəйкес, интернеттің барлық виртуалды кеңістігі домендерге – бір 
немесе бірнеше арнайы компьютерлерді басқаратын логикалық аймақтарға бөлінеді. 
Домендік адрестердің иерархиясы аймақтық, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің қызмет 
түріне де байланысты болуы мүмкін (1-сурет).
1-сурет. Домендік адрестердің аймақтық иерархиясы
 
 
DNS ең үлкен бірліктерін бірінші деңгейлі домендер деп атайды, олар төмендегі 
белгілер бойынша интернеттің ғаламдық аумақтарынқамтиды:
.com, .biz – коммерциялық кəсіпорындар;
.net – алғашқыда интернет желісін қолдауға жауап беретін ұйымдарға меншіктелді, қазір 


76 
коммерциялық шаруашылық субъектілері үшін қолданылады;
.edu – білім беру мекемелері;
.org – коммерциялық емес жəне қоғамдық ұйымдар;
.gov – үкіметтік мекемелер;
.mil – əскери мекемелер;
.int – келісім-шарттардың негізінде құрылған немесе интернет инфрақұрылымының 
бөлігі болып табылаты халықаралық ұйымдар;
.name – жеке тұлғалар;
.info – шектелмеген;
.kz, .ru жəне т.б. – ISO стандарттары бойынша комитеттің қабылдаған елдеріне арналған 
қысқартулары.
DNS иерархиясында төменгі сатыда бірінші деңгейдің домені тікелей байланысты 
болатын екінші деңгейлі домендер тұрады. Екінші деңгейдің домендері муниципалдық 
немесе коммерциялықұйымдарға жатады (мысалы, webnavigator.kz). Екінші деңгейлі 
домен тек 22 символдан (əріптер, сандыр жəне сызықша) ғана тұруы мүмкін. Сонымен 
қатар, жұмыс істейтін домендік атауды қайта тіркеуге болмайды.
Жоғарыда тұрған доменнің құрамына кіретін үшінші деңгейлі домендер де бар (мысалы, 
шартты домен vasia.webnavigator.kz, petia. webnavigator.kz, nina.webnavigator.kz). 4-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет