Web-технологиялар
Web-технологиялар – интернет желісін қолдану арқылы пайдаланушылардың
біріккен қызметін ұйымдастыру мəселелерін шешудің техникалық, коммуникациялық,
бағдарламалық əдістерінің кешені. Гипермəтіндік Web ресурстары желісігің негізгі
хаттамасы – HTTP хаттамасы болып табылады. Оның негізіне «клиент-сервер» өзара
қатынасы енгізілген, яғни төмендегі жоспарланады:
Тұтынушы – клиент байланысты жеткізуші-сервермен бастамаға ала отырып, оған
сұраныс жібереді.
Жеткізуші – сервер, сұранысты алған соң, қажетті əрекеттерді орындап, кері қарай
клиентке нəтижесімен бірге жауап қайтарады.
Сонымен қатар компьютер-клиенттің жұмысын ұйымдастырудың екі тəсілі мүмкін:
Нəзік клиент – бұл ақпараттарды өңдеу бойынша барлық мəселелерді серверге
жіберетін компьютер-клиент. Нəзік клиенттің мысалы ретінде веб-қосымшалармен жұмыс
істеу үшін қолданылатын браузері бар компьютер қызмет етуі мүмкін.
Толық клиент, керісінше, серверден тəуелсіз ақпаратты өңдеуді жүргізеді, көбінесе
мəліметтерді сақтау үшін соңғысын қолданады.
Web-форум немесе web-конференция – web-сайттарға кірушілердің хабарласуын
ұйымдастыруға арналған арнайы бағдарламалыққамтама. Термин – «форумның» негізгі
түсінігінің мағынасына сəйкес келеді. Форум талқылауға арналған бөлімдер жиынын
ұсынады. Форумның жұмысы пайдаланушылардың бөлімдерде тақырыпты құрудан жəне
осы тақырыптардың ішінде талқылаудан тұрады. Жеке алынған тақырып тақырыптық
қонақ кітабын ұсынады. Хабарлама мен оған берілетін барлық жауаптар тамақты құрайды.
Талқылау тақырыпқа сəйкес болуы тиіс. Бастапқы тақырыптан ауытқушылық форумды
жүргізу ережелеріне жиі тыйым салынады. Ережелердің сақталуын модераторлар мен
қатысушы əкімшілер қадағалап отырады, олар белгілі тақырып немесе бөлімде бөгде
хабарламаларды түзету, жылжыту жəне өшіру мүмкіндіктеріне ие, сондай-ақ кейбір
қатысушылардың оларға кіруін бақылайды. 3-суретте Өскемен форумының мысалы
келтірілген.
3-сурет. Форумның беті
Достарыңызбен бөлісу: |