Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет62/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Бақылау сұрақтары: 
1. Электрондық цифрлық қолтаңба ашу, шифрлау əдістерін айт? 
2. 
Электрондық жəне сандық қолтаңба ұғымы не?
3. Шифрлау түрлері? 
Əдебиеттер: 
1. Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы, 412 бб 
Алматы 2021ж. 
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova, 
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”, 
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 . 
3. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., ТурганбековаМ.М., 
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов атындағы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020 
4. Шевчук Е.В., Шпак А.В., Кольева Н. С. ИНФОРМАЦИОННЫЕ КОММУНИКАЦИОННЫЕ 
ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы: Эверо, 2020.- 108 с. 
https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/ 
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition – 
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge, MA, 
COPYRIGHT © 2014. 
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois 
at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages,NurpeisovaT.Kaidash 
ICT,Almaty,Bastay2017 
Дəріс 17. Интернет технологиялар 
Мақсаты: студенттерді Интернет технологиясымен толыққанды таныстыру. 
Жоспар: 
1. Интернеттің негізгі ұғымдары. 
2. Əмбебап ресурстар идентификаторы (URI), оның тағайындалуы жəне құрамдас 
бөліктері. 
3. DNS қызметі. 
Интернет (ағылшынша Inter-«арасында» жəне net – «желі, өрмек») əскери, үкіметтік, білім 
беретін, коммерциялық институттарды, сондай-ақ жеке азаматтарды байланыстыратын
компьютерлік желілердің жиынтығын ұсынады.


73 
Интернет толығымен еркін қатысу арқылы ұйымдастырылады жəне интернетті дамытумен 
айналысатын, əр түрлі зерттеу жəне кеңес беруші топтар үшін ұйымдастырушылық негізді 
ұсынатын, ISOC (Internet Society) деп аталатын, желінің пайдаланушылары атынан өкілдердің 
қоғамдастығы арқылы басқарылады.
Интернет желісінің (web-сервер немесе http-сервер) сервері деп интернеттің жоғары 
жылдамдықтағы торапқа қосылған, компьютерде орнатылған бағдарламалық-аппараттық 
кешенді атайды. Мұндай компьютерлерді, сондай-ақ серверлер деп атайды. Сервердің негізгі 
функциясы – клиенттік бағдарламалар, яғни браузерлер арқылы сұралатын, пайдаланушы 
компьютерде ақпаратты іздеу мен жіберу.
Хостинг (ағылшынша hosting) – желіде үнемі орналасқан, сервердегі ақпаратты физикалық 
тарату үшін дискілік кеңістікті ұсыну бойынша қызмет. Əдетте, хостингтің қызметіне 
пошталық хабарлар, мəліметтер қоры, DNS, файлдық қойма жəне т.б. үшін орынды ұсыну, 
сондай-ақ сəйкес серверлердің қзыметін қолдау кіреді.
Браузер ноутбукте, телефон мен басқа құрылғыларда орналасқан, жəне құжатты оқитын, 
интернетте жұмыс істеуге арналған, сондай-ақ серверге жүгінетін, HTML құралдарымен 
беттейтін, алынған ақпаратты түсіндіретін жəне құжаттың құрамын көрсететін клиенттік 
бағдарламаны ұсынады. Браузерлердің жүздеген түрлері бар. Олардың ішінде көп 
қолданылатыны Internet Explorer, Opera, Netscape Navigator, Mozilla Firefox жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет