8
4)
тұрғындардың
ақпараттық
ресурстарға
тең
құқылы
кепілдендірілген қол жетімділігін қамтамасыз ету;
5) азаматтарды, қоғамдық институттарды, бизнес пен барлық деңгейдегі
мемлекеттік
билік органдарын ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау.
Канада, Корея, Малайзия,
Сингапур, АҚШ сынды əлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің
көпшілігінде тұтас қоғамда да, қызметтің жекелеген салаларында да ақпараттық даму
стратегиялары немесе кешенді бағдарламалары əзірленген жəне іске асырылуда. Бұрынғы
кеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда.
Жоғарыда аталған стратегиялар мен бағдарламаларды
талдау ақпараттық дамудың
ұлттық стратегиясын қалыптастырудағы, ақпараттық жəне инновациялық дамудың алға
қойылған мақсаттарына қол жеткізу үшін қоғамның барлық топтарын шоғырландырудағы,
ұлттық стратегияны іске асыру бойынша бизнесті, барлық
қоғамдық институттар мен
азаматтарды үйлестірудегі жетекші рөл мемлекетке берілгенін көрсетті.
Біздің елімізде ақпаратты қоғамның құрамдас бөліктерінің біреуіне ғана -
"электрондық үкіметті" қалыптастыру мен дамытуға баса назар аударылып, сəтті іске
асырылды, халықаралық рейтингтердің жоғары болуы осының айғағы. Алайда ақпаратты
қоғамды қалыптастыру міндеті тек "электрондық үкімет" пен
телекоммуникация саласын
дамытуға қарағанда ауқымды екені сөзсіз. Сондықтан, ақпаратты қоғамға көшуге ықпал
ететін барлық қажетті жағдайларды жасау үшін жəне "Қазақстанды əлеуметтік жаңғырту:
Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам" атты 2012 жылғы 10 шілдедегі
мақалада берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін "Ақпаратты
Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан əрі - Бағдарлама) əзірленді.
Бағдарламаны əзірлеу кезінде Жаһандық ақпаратты қоғамның Окинава хартиясының
(Окинава қ., Жапония, 2000 жыл, Ақпаратты қоғам құру
қағидаттары декларациясының
(Женева қ., Швейцария, 2003 жыл), Тунис міндеттемесі іс-қимыл жоспарының (Тунис қ.,
Тунис Республикасы, 2005 жыл), басқа да халықаралық құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі
ережелері ескерілді.Ақпаратты қоғам құрудың халықаралық тəжірибесіне жəне жоғарыда
аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отырып, Бағдарламада төрт түйінді
бағыт
айқындалған:
1) мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз
ету, құру;
3)
қоғамның əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуы үшін ақпараттық орта
отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Осы бағыттардың шеңберінде АКТ-ны жаппай енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды
жетілдіру, ашық жəне "ұтқыр үкімет" құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін
дамыту жөніндегі міндеттер шешіледі
. Ақпаратты қоғамды дамыту адами ресурстарды
дамытумен сүйемелденуге тиіс екенін ескере отырып, Бағдарламада азаматтарға электрондық білім
алу арқылы ақпараттық технологияларды игеруге жəне олармен жұмыс істеу дағдыларын алуға, өмір
бойы оқуға жəне дайындалуға, қашықтан жұмыс істеуге, қолжетімді электрондық денсаулық сақтау
қызметтерін алуға мүмкіндік беру үшін жағдайлар көзделген.
Бағдарламада экономиканың негіз қалаушы салаларына зияткерлік жүйелерді
барынша енгізу көзделген. Ақпаратты қоғамға көшу саясатының тиімділігі АКТ кеңінен
қолдану жəне электрондық қызметтер көрсету бойынша бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін
шоғырландыруға байланысты болады."Ақпаратты Қазақстан - 2030" мемлекеттік
бағдарламасы Қазақстанның ақпараттық қоғамға көшуін іске асырудың қорытындылаушы
кезеңіне айналады деп болжанады.