16
Сонымен қатар, компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажетті желілік құрылғылар –
порттар мен адаптерлер қолданылады.
Жадқұрылымы
Негізгі (оперативті) жады – бұл процессор тікелей қол жеткізуге болатын жадтың
жалғыз үлкен бөлігі.
Өздеріңіз білетіндей, негізгі жадтың мазмұны жүйе қайта
жүктелгеннен кейін немесе компьютер өшірілгеннен кейін сақталмайды.
Сыртқы (екінші ретті) жад – бұл үлкен жадтың тұрақты (сақталатын) жады
функционалдылығын қамтамасыз ететін негізгі жадтың кеңеюі.
Екінші ретті жад ретінде
қатты дискілер (hard disks) жиі қолданылады.
Физикалық
тұрғыдан, олар жазуға арналған магниттікқабаты бар металдан немесе шыныдан жасалған
қатты тақталардан тұрады. Диск беті логикалық түрде жолшықтарға
дорожки (tracks)
бөлінеді, олар өз кезегінде
секторларға бөлінеді. Диск
контроллері құрылғы мен
компьютер арасындағы өзара əрекеттесу логикасын анықтайды.
Қатты диск құрылғысы 2-суретте көрсетілген.
Бұл суретте көрсетілгендей,
цилиндр – бұл жолшықтардың нөмірі бірдей, əр түрлі
магниттік дискілердің бірінің астында бірі тігінен орналасқан секторлар тобы. Жад
жүйелері
олардың жылдамдығына, құнына жəне ақпаратты сақтауға (тұрақтылыққа)
негізделген иерархиялы түрде ұйымдастырылған.
Кез келген түрдегі жад жұмысын оңтайландыру үшін ассоциативті жады
(кэш – cache)
қолданылады, ол шапшаңдығы жоғарғы жад жүйелерінде орналасып, баяу жадтың жиі
қолданылатын элементтерін сақтайды. Осы тұрғыдан алғанда, жедел жадын сыртқы жады
үшін кэш ретінде қарастыруға болады.
2-сурет. Қатты диск құрылғысы
Кэш жады – шын мəнінде жұптардың ассоциативті тізімі (адресі, мəні) жəне ондағы
аппараттық адрес бойынша іздеулер кілт ретінде атқарылады. Осылайша,
баяу сыртқы
жадқа қол жеткізер алдында алдымен кэштегі берілген адресті іздеу орындалады, ал егер
олнəтижесіз болса, сыртқы жадыға стандартты қатынау орын алады. Кэштеу принципі өте
маңызды жəне оны қолдану сыртқы жадыменатқарылатын жұмысты едəуір жеделдетуге
мүмкіндік береді. Дегенмен, ол кэш жадын басқарудың арнайы саясатын іске асыруды
талап етеді, себебі кэштеу жад иерархиясында қосымша деңгей енгізеді жəне бір мезгілде
түрлі жад деңгейлерінде сақталатын деректердің дəйектілігін талап етеді. Аппаратура жəне
операциялық жүйе – барлық жад түрлері үшін
командалар кэшін, деректер кэшін, қатты
диск кэшін жəне т.б. қолдайды.
Жад құрылғыларының иерархиясы (жеңілдетілген түрде) 3 - суретте көрсетілген.
17
3-сурет. Жад құрылғыларының иерархиясы
Схемада шапшаңдығы жоғарғы жад түрлері жоғарыда, ал баяулары төменде
орналасқанын көруге болады. кейбір кеңінен қолданылатынсыртқы жад түрлері:
1)
Достарыңызбен бөлісу: