Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет82/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Мультимедианың түрлері
 
Мультимедиа сызықтық (кері байланыссыз) жəне интерактивті ортаға бөлінуі мүмкін. 
Көрсетудің сызықтық тəсіліне үйлесімділік ретінде кино болуы мүмкін. Осы құжатты 
қарайтын адам оның шығуына ешқандай əсерін тигізе алмайды.
Ақпаратты көрсетудің интерактивті (сызықтық емес) тəсілі адамға, бағдарламаларға, 
желіге мультимедиалық мəліметтерді көрсету құралы арқылы қандай да бір тəсілмен өзара 
əрекет ете отырып, ақпаратты шығаруға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіске екі немесе 
одан да көп тараптардың қатысуы «интерактивтілік» деп аталады. Адам мен компьютердің 
өзара байланысының осындай тəсілі компьютерлік ойындардың категорияларында 
толығымен көрсетілген. Мультимедиалық мəліметтерді көрсетудің интерактивті тəсілі кейде
«гипермедиа» деп аталады.
Мультимедианың жергілікті жəне желілік мүмкіндіктері
 
Мультимедиалық презентацияларды сахнада адам жүргізуі, проектор арқылы немесе басқа 
да локальды құрылғыларда көрсетілуі мүмкін. Презентацияның кеңінен таратылатын 
көрсетілімі «тірі» немесе алдын ала жазылған болуы мүмкін. кеңінен таратылған көрсетілім 
немесе жазба ақпаратты сақтау мен жіберудің аналогтықнемесе электрондық 
технологияларына негізделуі мүмкін. Онлайн мультимедиасы пайдаланушының 
компьютеріне жүктелуі жəне қандай да бір тəсілмен шығарылуы, немесе мəліметтерді 
ағындық жіберу технологияларының көмегімен интернеттен тікелей шығарылуы мүмкін. 
Мəліметтерді ағындық жіберу технологияларының көмегімен шығатын мультимедиа
«тірі» немесе талап бойынша көрсетілуі мүмкін.
Мультимедиалық ойындар – ойыншы компьютер арқылы құрылған виртуалды ортамен 
өзара байланысатын ойындар. Виртуалды ортаның жағдайы ойыншыға ақпаратты жіберудің 
түрлі тəсілдерінің(дыбыстық, визуалды, түйістік) көмегімен жіберіледі. Қазіргі кезде 
компьютердегі немесе ойындық қосымшалардағы барлық ойындар мультимедиалық 
ойындарға жатады. Ойындардың мұндай түрін жергілікті компьютерде немесе қосымшада 
жалғыз ойнауға да, сондай-ақ жергілікті немесе ғаламдық желілер арқылы басқа 


91 
ойыншылармен ойнауға да болады.
Мультимедиалық интернет-ресурс – бұл негізгі ақпарат мультимедиа түрінде көрсетілген 
интернет ресурс. Бұл заманауи жəне өте ыңғайлы механизм, ол классикалық 
функциялардың орындалуын алмастыра алмайды, керісінше кірушілер үшін жаңалықтар мен 
қызметтердің шоғырын толықтырады жəне ұлғайтады. мультимедиалық интернет-ресурстар 
үшін келесілер тəн:
1) 
олар ақпараттың əр түрлі типтерінен тұруы мүмкін (мəтіндік ғана емес, сондай-ақ 
дыбыстық, графикалық, анимациялық, бейне жəне т.б. ақпарат);
2) 
материалдар көрнекілігінің жоғарғы дəрежесіне ие болуы;
3) 
файлдардың түрлі типтерін қолдай алады: мəтіндік, графикалық, аудио жəне бейне;
4) 
өнердің əр түрлі облыстарындағы шығармашылық жұмыстарды дамыту үшін 
қолданылуы мүмкін;
5) 
мультимедиа өз көрнекілігінің күшіне қарай пайдаланушы мен ақпараттық 
технологиялық үрдіс арасындағы интеллектуалдық-психологиялық кедергінің деңгейін 
төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет