Дəріс 22. Мультимедиялық технологиялар
Мақсаты: студенттерді мультимедиялық қосымшаларды əзірлеу бағдарламасымен
таныстыру.
Жоспар:
1. Мультимедиялық қосымшаларды əзірлеу құрал-саймандары. Бизнес-процесстерді
жоспарлау жəне сипаттау үшін мультимедиялық технологияларды пайдалану, оларды
визуализациялау.
2.
Мультимедиалық қосымшаларды құру құралдары.
Мультимедиа файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық құралдардың көптеген
түрлері бар. Мұндай қосымшаларды бірнеше негізгі категорияларға бөлуге болады:
–
Суретті құру жəне өңдеу құралдары.
–
2D жəне 3D – графиканы құру жəне өңдеу құралдары.
–
Бейне мен анимацияны құру жəне өңдеу.
–
Дыбысты құру жəне өңдеу құралдары.
–
Презентацияны құру құралдары.
Графикалық ақпаратты компьютерлік ұсыну растрлық немесе векторлық тəсілдің
көмегімен жүзеге асады. бірінші жағдайда суретпиксельдерге бөлінеді, əрбір пиксельдің түсі
биттердің белгілі санымен кодталады. Векторлық суреттер кескіннен тұратын объектілердің
геометриялық сипаттасы түрінде сақталады.
Графикалық растрлық редакторлар қолда бар суреттерді өзгертуге бағытталған жəне
суреттің кез келген аспектісін түзетуге мүмкіндік беретін құралдардың жиынына ие. Кəсіби
графикалықредакторлар қабаттармен жұмыс істеуді жəне векторлық графиканың
бағдарламаларынан объектілерді экспорттауды қолдайды, белгілі бір шығармашылық
техниканы имитациялайтын, əр түрлі түс эффектілерін құрудың, жасырудың, түстердің
кереғарлығы менқоюлығын реттеу, суреттерді өңдеу, түсті түзетуге арналған құралдардың
толық жиынынан тұрады. аса белгілі растрлық редакторлар: Adobe Photoshop;Adobe
Fireworks;Corel Photo-Paint;Corel PHOTO-PAINT; GIMP.
Векторлық графика бағдарламаларында геометриялық сипаттама түрінде сақталатын
объектілер мен суреттер бір-біріне тəуелсіз жүзеге асырылады, яғни еркін композицияны
құра отырып, кез келген сəтте объектінің қабатын, орналасуын жəне кез келген басқа да
атрибуттарын өзгертуге мүмкіндік береді. Мұндай бағдарламаларда иллюстрациялар еркін
формадағы пішіндердің, олардың масштабының, айналуының, өзгерісінің көмегімен, сондай-
ақ айқындық дəрежесімен түсті құю арқылы құрылады. Векторлық графиканың заманауи
бағдарламалары растрлық суреттер мен мəтіндермен жұмыс істеуге арналған құралдардан
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |