Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет90/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Дата-орталық
 
Дата-орталық (ағылш. data center), немесе мəліметтерді өңдеу (жəне сақтау) орталығы 
(МӨО/МСӨО) – бұл серлерлік жəне желілік құрылғыларды орналастыруға (хостинг) жəне 
интернет желісінің каналдарына абоненттерді қосуға арналған мамандандырылған ғимарат.
Дата-орталық жоғарғы технологиялық күзетілетін алаң болып табылады, онда əр түрлі 
компаниялардың серверлері орналасады. Дата-орталықтар мəліметтерді, кейде көлемді
ақпараттарды жылдам жəне тиімді өңдеудің үздіксіз қамтамасыз етеді. Ақпараттық 
технологиялар ғасырында, ұрлау мақсатымен, дата-орталықтардағы мəліметтерді резервтік 
көшіруді ұйымдастыру арқылы мəліметтердің жоғалуынан қорғайды. Дата-орталықтың 
қызметтері тек ірі компаниялар үшін ғана арналған деп қабылданған, бірақ негізінде дамушы 
елдердің де қызметтерді қолдану тенденциясы байқалуда, əсіресе шетелдік инвестициялар 
арқылы стартаптар туралы сөз қозғалғанда.
Дата-орталық халықаралық байланысты жүзеге асыруға арналған арнайы қорғалған 
каналдарды ұсынады. кепілдендірілген қауіпсіздік, дата-орталықтың сенімділігі, сондай-ақ 
максималды жылдамдық, қазіргі кезде əлемдік нарықта коммерциялық түрде таралған болып 
табылады. Дата-орталықтың негізгі қызметтері:
– 
Бағаналарды жалға алу.
– 
Серверлерді жалға алу.
– 
Colocation (серверлердің физикалық орналасуы).
– 
VPS.
– 
Виртуалды хостинг.
Сонымен қатар қосымша қызметтер де бар:
– 
Резервтік көшіру (бэкап).
– 
Бұлттық шешімдер.
– 
Əкімшіліктендірілген сервер.
– 
Қашықтықтағы жұмыс үстелі.
2015 жылы алматы қаласында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мəліметтерді 
өңдеу орталығының ашылуы болды. Бұл «ҚР мемлекеттік органдарына хостинг қызметтерін 
көрсету үшін серверлік интернет платформаларды құру» жобасы шеңберінде тұрғызылған, 
компанияның соңғы МӨО. Бұл жоба Қазақстан Республикасындағы электрондық үкіметті 
дамытуға арналған инфрақұрылымдық алаң болып табылады жəне хостинг қызметтерін, 
«colocation» (құрылғыны орналастыру мен инфрақұрылымды жалға ұсыну), «software as a 
service» (талап бойынша бағдарламалық қамтама) мен бағдарламалық-аппараттық кешеннің 
жүйелік-техникалық қызметін мемлекеттік органдарға ұсынуға арналған.
Қазіргі кезде мұндай орталықтар Қазақстанның барлық облысорталықтарында жұмыс 
істейді. «Ұат» АҚ МӨО-ның жалпы сыйымдылығы 140 бағананы құрайды.


100 
10.3-сурет. Дата-орталықтың бағаналары
 
 
Павлодарда «Қазақтелеком» АҚ мен Hewlett-Packard компаниясының бірлескен жобасы 
болып табылатын, ТМД-де ең ірі Дата-орталық іске қосылды. Оның қорында хостинг 
қызметтері, сондай-ақ бұлттық есептеулер концепциясының негізінде тұрғызылған 
сервистер (мəліметтерді сақтаудың бұлттық жүйесі, мəліметтерді өңдеудің виртуалды 
резервтік орталығы, бизнеске арналған бағдарламалық қамтама, интерактивті қатынас пен 
ақпаратпен алмасу жүйесі, бұлттық серверлік платформа) ұсынылады. Павлодардағы МӨО – 
барлық объектінің тоқтаусыз жөндеу профилактикалық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік 
беретін, сенімділік деңгейін білдіретін, Орталық азиядағы Tier III класты бірінші Дата-
орталық. Дата-орталықта
«Қазақтелеком» АҚ энергетиканы қоса алғанда барлық қолдай жүйелерін, сондай-ақ 
желдету мен өрт сөндіру жүйелерін резервтеу жүзеге асырылады (4-сурет).
4-сурет. Павлодар қ. дата-орталық ғимараты
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет