Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет27/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Қолданушы интерфейсі – қолданушының дербес компьютер мен өзара əрекеттесуін 
қолдайтын бағдарламалық жəне аппараттық құралдар кешені. Бұл өзара əрекеттестіктің 
негізін диалог құрады –нақты мақсатқа бірлесіп жету үшін нақты уақыт масштабында 
адаммен компьютер арасындағы ақпарат алмасу. əрбір осындай диалог, қолданушы мен 
ДК арасындағы қарым-қатынасты физикалық түрде қамтамасыз ететін енгізу/шығару 
процестерінен тұрады. Хабарды жіберу арқылы ақпаратпен алмасамыз (1-сурет).
1-сурет. Хабарды жіберу арқылы ақпарат алмасу
 
 
ДК қолданушысы келесі хабар типтерін жібереді:
– 
ақпарат сұрату;
– 
көмек сұрату;
– 
операцияны немесе функцияны сұрату;
– 
ақпаратты енгізу немесе өзгерту.
Компьютер жауап ретінде, мысалы, кез келген анықтама, қате туралы хабарлар, жауап 
беруді қажет ететін хабарлар, əрекеттерге арналған тапсырмалар береді. Қолданушы 
интерфейсін (ҚИ) кейде қосымшаның сыртқы графикалық көрінісі ретінде түсінеді. бірақ, 
шын мəнінде қолданушы интерфейс арқылы бүкіл бағдарламаны тұтастай қабылдайды. 
Сондықтан, терминнің мұндай түсінігі дəлдеп айтуға болмайды. іс жүзінде, ҚИ 
қолданушының бағдарламамен өзара əрекеттесу байланысына ықпал ететін 
бағдарламаның барлық құрылымы мен элементтерін біріктіреді.
Бұл элементтер тек экран ғана емес, сонымен қатар:
1) 
жүйелік бейне (мысалы, Windows жүйесіндегі жұмыс үстелі);
2) 
терезелер мен қосымшаларды көрнекі түрде жобалау;
3) 
ақпаратты бейнелеу құралдары (пішімдер жəне т.б.);


27 
4) 
енгізу жəне шығару құрылғылары жəне басқалар.
Пайдаланушы интерфейстерінің түрлері 
Процедуралы-бағытталған интерфейс: қосымшалармен жұмыс істегенде 
орындалатын амалдарды, деректерді енгізу жəне нəтижелерді қорытындылау əрекеттін 
таңдау қажеттілігі туындайды. Мұндай интерфейстерді бірнеше ішкі типтерге бөлуге 
болады: консоль, меню жəне еркін навигация.
 
Консоль қолданушымен өзара əрекеттесуді мəтін түріндегі деректер, «сұрақ-жауап» 
схемасы бойынша, кезекпен енгізу/шығару негізінде ұйымдастырады. мысалы: ақпарат 
енгізу – мəселені шешу – нəтижені шығару. Қазір мұндай интерфейстерді 
бағдарламалауды оқытуда немесе бағдарлама тек бір функцияны (мысалы, жүйелік
утилиттерді) орындаған жағдайда қолданылады.
Интерфейс - менюі бағдарламада көрсетілген тізімнен керекті операцияларды таңдауға 
мүмкіндік береді. Бір деңгейлі жəне көп деңгейлі менюлер бар. Біріншісі операция түрлері 
көп болмаған кезде, салыстырмалы қарапайым жағдайларда қолданылады (мысалы, Құру, 
Ашу, Жабу). Екіншісі опциялардың саны көп болғанда қолданылады (мысалы, файлдармен 
күрделі операцияларды орындағанда). Еркін навигация интерфейсі қолданушыға 
интерфейс элементтері арқылы қол жетімді операцияларды орындау мүмкіндігін береді, 
мұндай интерфейс кез келген қолданушыға таныс жəне түсінікті. 2- суретте Windows-тың 
кейбір танымал интерфейстердің үлгісі көрсетілген. 
2-сурет. Windows-тың кейбір танымал интерфейстердің сыртқы 
көрінісі
 
 
Мұндай интерфейстің маңызды ерекшелігі – қолданушымен өзара əрекеттесу 
процесінде өзгеру қасиеті бар, сонымен бірге нақты жағдайда нақты мағыналы 
операцияларды қажетіне қарай таңдауды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет