Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет35/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

 
Бақылау сұрақтары:
 
1. Дерекқорларды тұтынушылық мінез-құлықты болжау үшін пайдалануға бола ма? 
2. Деректер базасының негізгі компоненттері қандай? 
3. Неге байланыс деректер базасының айтарлықтай аспектісі болып табылады? 
4. Файлдар жəне басқа дерекқор модельдері арасында қандай айырмашылық бар? 
Əдебиеттер: 
1. Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы, 412 бб 
Алматы 2021ж. 
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova, 
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”, 
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 . 
3. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., Турганбекова М.М., 
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов атындағы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020 
4. Шевчук Е.В., Шпак А.В., Кольева Н. С. ИНФОРМАЦИОННЫЕ КОММУНИКАЦИОННЫЕ 
ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы: Эверо, 2020.- 108 с. 
https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/ 
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition – 


38 
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge, MA, 
COPYRIGHT © 2014. 
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois
at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages,NurpeisovaT.Kaidash 
ICT,Almaty,Bastay 2017 
Дəріс №10. Деректер қорларының жүйелері. 
Мақсаты: Осы дəрістің мақсаты реляциялық дерекқорларын құруға, өзгертуге жəне 
басқаруға арналған əмбебап компьютер тілі SQL (Structured Query Language) негіздері, 
деректерді параллельді өңдеу жəне оларды қалпына келтіру, деректер қорын жобалау жəне 
құру, объектілік-реляциялық карта ORM (Object-relational mapping) бағдарламалау 
технологиясы дамуын талдау болып табылады. 
Жоспар: 
1. SQL негіздері. Деректерді параллельді өңдеу жəне оларды қалпына келтіру.
2. Деректер қорын жобалау жəне құру. ORM бағдарламалау технологиясы. Үлестірілген, 
параллельді жəне гетерогенді деректер базасы. 
SQL құрылымды сұратулар тілін білдіреді. бұл реляциялық деректер базасын құру жəне 
онымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тіл,ол кестелерде сақталатын, байланысқан ақпарат 
жиынынан тұрады.
SQL стандарты ANSI (американдық ұлттық стандарттар институты) арқылы анықталады 
жəне қазіргі уақытта ISO (Халықаралық стандарттау ұйымы) арқылы қабылданады.
SQL тілі реляциялық деректер базасында деректерді манипуляциялауға жəне деректер 
базасының құрылымын анықтауға арналған,сонымен қатар көп қолданушы ортасындағы 
деректерге қатынау құқықтарын басқарады. сондықтан, SQL тіліне құрамдас бөліктер ретінде 
төмендегілер жатады:
1) 
деректерді манипуляциялау тілі (Data Manipulation Language, DML);
2) 
деректерді анықтау тілі (Data Definition Language, DDL);
3) 
деректерді басқару тілі (Data Control Language, DCL).
Осындай бөлу тек осы командалардың функционалдық мақсаттары тұрғысынан жасалды.
Деректерді 
манипуляциялау тілі деректер базасының кестелеріндегі деректерді 
манипуляциялауға арналған. Ол 4 негізгі командадан тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет