37
7- сурет. Көп өлшемді модель схемасының мысалы
Көпөлшемді деректер моделінің басты артықшылығы – уақытқа қатысты, деректердің
үлкен көлемін аналитикалы өңдеудің ыңғайлылығы мен тиімділігі.
Объектілі-бағытталған модель
Стандартталған объектілі-бағытталған модель ODMG-93 стандартының (Object Database
Management Group – объектілі-бағытталған деректер базасын басқару тобы) ұсыныстарында
сипатталған. Объектілі-бағытталған ДБ-ң логикалық құрылымы иерархиялық ДБ-ң
құрылымына ұқсас. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық деректерді манипуляциялау
əдісінде. Қарастырылатын ДБ моделінде деректермен əртүрлі əрекеттерді орындау үшін
объектілі-бағытталған инкапсуляция механизмдерімен, мұрагерлік жəне
полиморфизмен
күшейтілген, логикалық операциялар қолданылады.
Объектілі-бағытталған модельдің ДБ-на қатысты инкапсуляция, мұрагерлік жəне
полиморфизм түсініктерін қысқаша қарастырайық.
Инкапсуляция объектінің анықталған шектерімен атау
қасиеттерінің көру ауқымын
шектейді.
Керісінше,
мұрагерлік болса, объектінің барлық ұрпақтарында қасиеттерді көру ауқымын
кеңейтеді. Объектілі-бағытталған бағдарламалау тілдеріндегі
полиморфизм бірдей
бағдарлама кодының əртүрлі типті деректермен жұмыс істеу қабілетін білдіреді.
басқаша
айтқанда, бұл əр түрлі типтегі объектілерде бірдей атаулармен аталған əдістер (процедуралар
немесе функциялар) болуы мүмкін екенін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: