Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет31/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Деректер базасы (ДБ) – бұл арнайы ұйымдастырылған деректержинағы, олар есептеу
жүйесінің жадында сақталып, объектілердің күйін жəне қарастырылатын пəндік 
аймақтағы өзара қарым-қатынасты бейнелейді. ДБ орталықтандырылған (бір компьютерде 
сақталады) жəне үлестірілген (кейбір желідегі бірнеше компьютерлерде сақталады) болады.
Деректер банкі – бұл ДБн-ң бір түрі, онда бір немесе бірнеше деректер базасында 
ұйымдастырылған өңделетін ақпаратты орталықтандырылған сақтау жəне жинақтау 
функциялары жүзеге асырылады. Деректер базасын құру негіздері. Деректер банкі (ДБн) 
əдетте келесі компоненттерден тұрады: деректер базасы (бірнеше базалар), деректер базасын 
басқару жүйесі, деректер сөздігі, əкімшілік, есептеу жүйесі жəне қызмет көрсетуші персонал.
Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) тілдік жəне бағдарламалық құралдардың 
кешені болып табылады, ол ДБ-н құру, жүргізу жəне көптеген қолданушылардың қолдануына 
арналған. Əдетте, ДББЖ қолданылатын деректер моделімен ерекшеленеді. Деректербазасын 
басқарудың заманауи жүйелерінің мыңдаған саны бар.
Қосымша – қолданбалы міндеттерді атқару үшін ақпаратты өңдеуді автоматтандыратын 
бағдарлама немесе бағдарлама кешені.
Деректер сөздігі (ДС) – бұл Дбн бағыныңқы жүйесі, ол деректер құрылымдары туралы 
ақпаратты орталықтандырып сақтауға, соны мен қатар ДБ файлдарының бір-бірімен өзара 
байланысы, деректерді ұсыну типтері мен форматтары, қолданушыларға арналған 
деректер,қорғау кодтары мен шектеулерге қол жеткізуге жəне т.б. арналған.
Деректер базасының əкімшісі (ДБƏ) – бұл ДБ-ң талаптарын əзірлеуге, оны жобалауға, 
құруға, тиімді қолдануға жəне қызмет көрсетуге жауапты адам немесе адамдар тобы. Қолдану 
процесінде ДБ əдетте ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін, рұқсатсыз қатынаудан қорғауды
деректер артықтығын бақылауды, қайшылықтың жоқтығын, ДБ-да сақталатын ақпараттың 
қауіпсіздігі мен сенімділігін бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет