Сымды желілер
Заманауи кеңселік сымды желілер, əдетте, есулі қосақты жəне RJ-45 стандартының
порттарын қолданады. сымды желілердің жұмысы IEEE 802.3 стандарттары арқылы
сипатталады. Бүгінгі кезде негізгі екі стандарт қолданылады:
Максималды 100 мбит/с өткізу қабілеті бар IEEE 802.3u. Қазіргі кезде тек бюджеттік
ноутбуктарда, желілік құрылғыны қоса алғанда ескі компьютерлерде, немесе жоғары
жылдамдықты қажет етпейтін құрылғыларда кездеседі;
Максималды 100 мбит/с өткізу қабілеті бар IEEE 802.3ab қазіргі кезде көп таралған түрі
болып табылады – гигабиттік желілік карталар көптеген аналық тақталарға біріктіріледі,
нарықта желілік құрылғылардың көп түрлері, сондай-ақ қымбат емес түрлері де бар.
Қарапайым мыс есулі қосақты қолдану кезінде 10 гбит/с жылдамдыққа жетуге
мүмкіндік беретін IEEE 802.3an стандарты да бар. Бұл стандартты қолдауды жұмыс
станциялары мен серверлердекездестіруге болады. Аралық шешімдер де бар – 2-4 10-
гигабиттік SFP+ жалғағыштар арқылы гигабиттік коммутаторлар, бұл 10-гиг биттік
интерфейс бойынша серверді немесе басқа сегментті қосуға мүмкіндік береді.
Сымсыз желілер
IrDA
Инфрақызыл байланысты есептеуіш құрылғылар арасында мəліметтерді сымсыз жіберу
стандарттарының ең алғашқы түрі ретінде есептеуге болады.
Инфрақызыл байланыстың басты артықшылығы – бұл, сөзсіз, əдістің арзаншылығын
анықтайтын каналды ұйымдастыру қарапайымдылығы. ИҚ көмегімен мобильді
құрылғыларды стационарлық немесе басқа құрылғылармен оңай байланыстыруға болады.
Мысалы, ұялы телефондарды немесе мобильді компьютерлерді стационарлық
перифериямен дəл осылай «таныстырады».
Bluetooth
Bluetooth – сымсыз дербес желілердің сипаттамасы. Bluetooth қалталық жəне қарапайым
дербес компьютерлер, ұялы телефондар, ноутбуктар, принтерлер, сандық фотоаппараттар,
тышқандар,пернетақталар, джойстиктер, құлаққаптар, жақын байланысқа арналған қол
жетімді радиожиіліктегі біріккен гарнитуралар сияқты құрылғылар арасында ақпаратпен
алмасуды қамтамасыз етеді. Bluetooth бұл құрылғыларға бір-бірінен 10-100 м радиуста,
тіпті əр түрлі ғимараттарда орналасқан кезде де хабарласуға мүмкіндік береді. Bluetooth
стандартының сипаттамасы толығымен ашық. бұл кез келген компания қосымша
рұқсатсыз жəне сертификатсыз өз құрылғыларын енгізе алады деген сөз.
Радиосигналдарды жіберу үшін «блютус» 2,402-2,480 ггц диапазонынан жиіліктер
аралығын қолданады.
Сымсыз Bluetooth қауіпсіздігі мəселелерінде «сым арқылы» қосылуға жол бермейді.
Жиіліктердің «ашық» болуы Bluetooth бойынша жіберілетін мəліметтердің ашықтығын
білдірмейді. Жұмыс істеу кезінде қабылдағыш пен хабарлағыш кездейсоқ режимде
жүретін жиілікті ілеспе түрле ауыстырады, бұл шифрлау алгоритмдерімен бірге қажетті
құпиялық деңгейін береді.
Bluetooth артықшылықтарының бірі ретінде екі немесе одан да көп құрылғылар
арасында «конференцияны» құру мүмкіндігін атауға болады (ол үшін «көппайдаланушы»
немесе «инфрақұрылымдық» режим жұмыстары қарастырылған), мысалы инфрақызыл
портты қолдану кезінде тек екеуін ғана қосуға болады («нүкте»-«нүкте» жұмыс режимдері)
Достарыңызбен бөлісу: |