57
(7-сурет).
20 жыл ішінде жылдан жылға əлдеқайда озық жəне функционалды болып келе жатқан
байланыстың бірнеше буындары құрылды. Олар IEEE (Электротехника жəне электроника
инженерлерінің институты) шығарған 802.11 стандарттары арқылы сипатталады.
Топқа
мəліметтердің жіберу жылдамдығымен жəне қосымша
функцияларды қолдаумен
ерекшеленетін хатамалардың бірнеше нұсқалары кіреді.
7 - сурет. Құрылғылардың интернетпен байланысуыныңWi-Fi əдіс
технологиясы
GSM жəне GPRS
GSM стандартының желілері қызметтердің көп бөлігін ұсынуғамүмкіндік береді:
1)
Дыбыстық байланыстар.
2)
Мəліметтерді жіберу қызметтері (EDGE технологиясының арқасында 384 кбит/сек
дейін).
3)
Қысқа мəтіндік хабарламаларды жіберу (SMS).
4)
Факстерді жіберу.
5)
Дыбыстық пошта.
6)
Конференция байланыс жəне т.б.
Осының арқасында GSM ұялы байланыс нарығында нық орнықты. Бұған қоса алдағы
бірнеше жылдарда бұл стандарт жетекші орындардың бірінде
болатынын сенімділікпен
айтуға болады.
GSM жүйесінің құрамына кіретін негізгі элементтерді қарастырамыз (8-сурет):
58
8 - сурет. GSM стандартының ұялы байланыс жүйесінің құрылымы
GSM желісі 2 жүйеге бөлінеді. Осы жүйелердің əрқайсысы
өзінде функционалдық
құрылғылардың
қатарын құрайды, олар өз кезегінде ұялы
радиобайланыс желісінің
компоненттері болып табылады.
Бұл жүйелер төменде келтірілген:
1)
Коммутация жүйелері – Network Switching System (NSS).
2)
Негізгі станциялар жүйелері – Base Station System (BSS).
NSS жүйесі байланысты орнату мен шақыруға
қызмет көрсету функцияларын
орындайды, сондай-ақ абонентке тағайындалған барлық қызметтерді жүзеге
асыруға
жауап береді.
ВSS жүйесі радиоинтерфейске жататын барлық функциялар үшінжауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: