61
мəліметтердің жылдамдығы болып табылады: ол бір секунд ішінде жіберілетін
ақпараттың
бит санымен өлшенеді; ол 1200/2400/4800/9600/19200/28800 бит/с (жəне одан жоғары)
құрауы мүмкін.
Ақпаратты бір уақытта қабылдау жəне жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін модемнің
дуплексті жұмыс режимін қолданады. Дуплексті каналдың əдеттегі мысалы – екі
сұхбаттастың қарапайымтелефонмен сөйлесу əңгімесі. кейде дуплексті байланыс қажет
емес,мысалы, факсимильдік хабарламаларды жіберу кезінде. бұл жағдайда уақыттың əрбір
сəтінде ақпарат тек бір жаққа ғана жіберіледі;
жұмыстың мұндай режимін жартылай
дуплексті деп атайды.
Модемдердің – ішкі (компьютерге кірістірілген) жəне сыртқы (1-сурет) түрлері бар.
Ішкі
(internal) модемдер компьютердің ішкі шинасына тікелей қосыла отырып, процессор
блогының ішіндегі жалғағышқа қойылады;
сыртқы (external) модемдер кабельдің көмегімен
компьютердің тізбектелген коммуникациялық портына қосылады.
а)
б)
1-сурет. Модемдер – а) сыртқы; б) ішкі (компьютерге кірістірілетін)
Жалпы қабылданған хаттамаларды анықтайтын стандарттар қатары бар:
–
V.22 жəне V22bis – сəйкесінше 600/1200 жəне 1200/2400 бит/с мəліметтерді жіберудің
ақпараттық жылдамдығымен дуплекстік хаттамалар (бөлшек арқылы көрсетілген екі сан,
мəліметтерді қабылдаумен жіберу екі жылдамдықта жүргізілуі мүмкін екенін білдіреді);
– V.32 жəне V32bis – сəйкесінше 2400/4800/9600 жəне 7200/9600/ 12000/14400 бит/с
ақпараттық жылдамдықтары арқылы дуплекстік хаттамалар;
–
V34 – 28000 бит/с жылдамдығына дейін мəліметтерді
жіберу хатамаларын
сипаттайтын стандарт.
Модемнің жұмыс істеу жылдамдығы мəліметтерді тығыздаудың арнайы əдістерін жəне
қателіктерді автоматты түзетуді қолдану есебінен жоғарылауы мүмкін. Ақпаратты тығыздау
мағынасы, мəліметтерді жіберу блоктарында жиі кездесетін символдар, сирек кездесетін
түрлеріне қарағанда кіші ұзындықтағы биттердің тізбегімен кодталатынын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: