52
қамтамасыз ету.
Телекоммуникациялар (грек. tele – алыс, қашық и лат. communicatio – қатынас) – бұл
əр түрлі электромагниттік жүйелер (кабельдік жəне оптикалық-талшықты каналдар,
радиоканалдар мен басқа сымды жəне сымсыз байланыс каналдары) бойынша қашықтықта
кез келген ақпаратты (дыбысты, суретті, мəліметтерді, мəтінді) жіберу мен қабылдау.
Телекоммуникациялық желі – бұл техникалық құралдардың жүйесі, оның көмегімен
телекоммуникациялар жүзеге асады.
Телекоммуникациялық желілерге жатады:
1)
Компьютерлік желілер (мəліметтерді жіберу үшін).
2)
Телефон желілері (дыбыстық ақпаратты жіберу үшін).
3)
Радиожелілер (дыбыстық ақпараттық жіберу – кеңінен таратушы қызметтер).
4)
Телевизиялық желілер (дыбыс пен суретті жіберу – кеңінен таратушы қызметтер).
Компьютерлік желілер.
Желіге біріктірілген компьютерлердің бір-бірінен қандайқашықтықта
орналасқанына
қарай жергілікті, аумақтық жəне ғаламдық есептеуіш желілер болып бөлінеді.
Жергілікті
есептеуіш желі (ЖЕЖ) бір немесе көрші жерлердегі, бір-екі километрден аспайтын
қашықтықтағы бір немесе көрші ғимараттар аймағындағы компьютерлерді біріктірсе, ал
аумақтық желі – қала, аудан немесе облыс аймағындағы бір-бірінен əлдеқайда
қашықтықта орналасқан абоненттерді байланыстырса, онда
ғаламдық желі – бұл əр түрлі
елдерде немесе жер шарының əр түрлі континенттерінде
орналасқан компьютерлерді
біріктіретін желі (мысал ретінде интернет желісін атауға болады). Өз кезегінде ақпараттық-
есептеуіш желілер қызметтеріне қарай бірнеше типтерге бөлінуі мүмкін:
1)
пайдаланушыларға негізгі қызметтерді (əр түрлі анықтамалық қызметтерге (қалалық
анықтама, аэрофлот мен темір жолдардың, түрлі муниципалдық қызметтердің
анықтамалықтары), хабарламалар
тақтасына қол жетімділік, электрондық пошта,
файлдарды жіберу, телеконференциялар, сондай-ақ
басқа желілерге шығу
мүмкіндігі) көрсететін, жалпы мақсаттағы мəліметтерді жіберу желісі (Public-
желілер);
2)
коммерциялық негізде қол жеткізуге болатын, түрлі мəліметтер қорын құрайтын, көп
қолданыстағы ақпараттық орталықтар;
3)
жалпы қолданыстағы мемлекеттік желінің
ішкі желілері болып табылады, бірақ
көлемі аймақтық желіде айналыстағы ақпараттың жалпы көлемінен 70% жететін,
аумақтық ақпаратты алмастыруға арналған мəліметтерді (облыстар деңгейінде)
жіберудің аумақтық желілері;
4)
шектеулі мүмкіндіктегі ақпараттық жүйелер, мысалы, банктік (несиелік карточкалар
мен клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған), биржалық,
тағы басқа осындай
жүйелер;
5)
жеке желілер, мысалы бір қала аймағындағы банктің орталық кеңсесі мен оның
бөлімдері арасында, сондай-ақ басқа қалалардағы, аумақтардағы немесе тіпті басқа
елдердегі орталық кеңсе мен банк филиалдары арасында ақпаратпен банк ішінде
алмасуға арналған, үлкен банктің телекоммуникациялық жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: