63
асады.
Сеанстық деңгей (Session layer). Үлгінің 5-ші
деңгейі байланыстың сеансын
сақтауға жауап береді, яғни қосымшаларға ұзақ уақыт бойы өзара əрекет етуге мүмкіндік
береді. Сеанстық деңгей сеансты құруды/аяқтауды, ақпаратпен алмасуды,
міндеттерді
сəйкестендіруді, мəліметтерді жіберу құқығын анықтауды жəне қосымшалардың белсенді
емес кезеңдерінде сеансты сақтауды басқарады. Жіберуді сəйкестендіру өзара əрекеттің
бұзылуы кезінде қайта жаңартылатын бақылау нүктелерінен бастап мəліметтердің жиынына
ғимарат арқылы қамтамасыз етіледі.
Транспорттық деңгей (Transport layer). Үлгінің 4-ші деңгейі мəліметтерді қатесіз,
шығынсыз жəне сол тізбекте қайталаусыз жіберуге арналған үлгінің деңгейі. Сонымен
қатар, қандай мəліметтер, қайдан жəне қайда
жіберілетіні маңызды емес, яғниол жіберу
механизмін өзі ұсынады. Мəліметтердің блоктарын ол бөліктерге бөледі, олардың өлшемі
хаттамаға
байланысты, қысқалары бір хаттамаға біріктіріледі, ал ұзындары бөлінеді. Бұл
деңгейдің хаттамалары нүкте-нүкте типіндегі өзара байланысуға арналған. мысалы: TCP,
UDP
Достарыңызбен бөлісу: