Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»


Қолданбалы деңгей (Application layer)



Pdf көрінісі
бет52/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Қолданбалы деңгей (Application layer). Үлгінің жоғарғы (7-й) деңгейі желі мен 
пайдаланушының өзара байланысын қамтамасыз етеді. Деңгей пайдаланушының 
қосымшаларына мəліметтер қорына сұраныстарды өңдеуші, файлдарға, электрондық 
поштаны жіберуге қол жетімдік сияқты желілік қызметтерге кіруге рұқсат береді. Сондай- 
ақ қызметтік ақпаратты жіберуге жауапбереді, қателіктер туралы ақпаратты қосымшаға 
ұсынады жəне көрсету деңгейіне сұраныстарды қалыптастырады. Мысалы: HTTP, POP3, 
SMTP.
Ұсыну деңгейі (Presentation layer). 6-ші деңгей хаттамалардың түрленуіне жəне 
мəліметтерді кодтау/қайта кодтауға жауап береді. Қосымшалар деңгейінен алынған 
қосымшалардың сұраныстары желі бойынша жіберу үшін форматқа өзгертеді, ал желіден 
алынған мəліметтер қосымшаларға түсінікті форматқа өзгертеді. Ұсыну деңгейінде 
мəліметтердің тығыздалуы/шешілуі немесе кодталуы/қайта кодталуы, сондай-ақ егер олар 
жергілікті өңделмесе, басқа желілік ресурсқа сұраныстардың қайта бағытталуы жүзеге 


63 
асады.
Сеанстық деңгей (Session layer). Үлгінің 5-ші деңгейі байланыстың сеансын 
сақтауға жауап береді, яғни қосымшаларға ұзақ уақыт бойы өзара əрекет етуге мүмкіндік 
береді. Сеанстық деңгей сеансты құруды/аяқтауды, ақпаратпен алмасуды, міндеттерді 
сəйкестендіруді, мəліметтерді жіберу құқығын анықтауды жəне қосымшалардың белсенді 
емес кезеңдерінде сеансты сақтауды басқарады. Жіберуді сəйкестендіру өзара əрекеттің 
бұзылуы кезінде қайта жаңартылатын бақылау нүктелерінен бастап мəліметтердің жиынына 
ғимарат арқылы қамтамасыз етіледі.
Транспорттық деңгей (Transport layer). Үлгінің 4-ші деңгейі мəліметтерді қатесіз,
шығынсыз жəне сол тізбекте қайталаусыз жіберуге арналған үлгінің деңгейі. Сонымен 
қатар, қандай мəліметтер, қайдан жəне қайда жіберілетіні маңызды емес, яғниол жіберу 
механизмін өзі ұсынады. Мəліметтердің блоктарын ол бөліктерге бөледі, олардың өлшемі 
хаттамаға байланысты, қысқалары бір хаттамаға біріктіріледі, ал ұзындары бөлінеді. Бұл 
деңгейдің хаттамалары нүкте-нүкте типіндегі өзара байланысуға арналған. мысалы: TCP, 
UDP


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет