«Зәр шығару жүйесінің» модулі.
Бүйрек патологиясының этиологиясы және патогенезі. Бүйрек қызметтерінің негізгі көрсеткіштері. Диурездің сандық өзгерісі және сапалық өзгерістері.
Бүйрек патологиясының кейбір түрлерінің этиологиясы және патогенезі. Жедел және созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйрек қызметінің бұзылыстарының себептері және шумақтық сүзілудің, каналшалары реабсорбциясының және секрециясының бұзылыстары.
Бүйрек қызметтерінің бұзылыстарының көріністері.
Бүйрек қызметінің негізгі көрсеткіштері
Бүйрек аурулары кезіндегі зәрдің сапалы өзгерістері.
Зәрдің сандық өзгерістері.
Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің этиологиясы мен патогенезі.
Нефротикалы, нефритикалы, зәр синдромы, этиологиясы және патогенезі
Бүйрек аурулары кезіндегі зәрдегі сапалы өзгерістер
Балалардағы негізгі бүйректік синдромдар.
Балалардағы дизуриялық бұзылыстар және азотемиялық синдромдар
№ 1 тәжірибе. Несепте белоктың болуын және оның мөлшерін анықтау.
Несепте белокты табу әдістері белокты ұйыту немесе оны ерекше ерітінділермен тұнбаға түсіру жағдайларға негізделген.
А) сірке қышқылын қосып қайнату. Шыны түтікшеге төрттен бір бөлігіне дейін сүзілген несеп құяды. Несептің жоғарғы бетін жалынға қайнатады. Содан соң несепке 8-10 тамшы 10% сірке қышқылын жібереді. Несепте белок болса, оның жоғағы бөлігі лайланады немесе ұйыған белок түйіршіктері пайда болады.
Б) несепте белок болса, оның мөлшерін анықтау керек. Несепті азот қышқылының үстіне ептеп құяды (несеп пен қышқыл ерітіндісі араласпау керек). Екі сұйық шекарасында ақ сақина 3 мин. соңында пайда болса, несептегі белок мөлшері 0,033 болғаны. Сондықтан несепті сұйылтып, 3 минутта ақ сақина пайда болатын күйге жеткізу керек, сосын 0,033-ті сұйыдту санына көбейтеді. Мысалы: 8 рет сұйылтсақ, 0,033-ті 8-ге көбейтеміз
№1 тәжірибе. Несеп тұнбасын зерттеу.
Анализге тапсырылған аурудың несебін алып, центрифугаға айналдырып, тұнбасын қалдырады. Тұнбаның 1 тамшысын заттық әйнекке тамызып, үстіне жапқыш әйнек салады. Микроскоптың 1х8, 1х 40 обьективтері арқылы қарайды. Тұнбада эритроциттер, шырыштық қабық клеткалар, цилиндрлер, тұздар болады. Суретін салу керек.
|
4
|
Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау
|
11
|
Жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің патофизиологиясы. Бүйрек жетіспеушілігі дамуының балалардағы ерекшеліктері. Бүйректің қабыну үрдістерінің этиологиясы және патогенезі. Бүйрек- тас ауруы.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйрек жетіспеушілігі, этиология және патогенезі
Бүйрек жетіспеушілігінің негізгі көрсеткіштері.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің негізгі көрсеткіштері. Этиологиясы және патогенезі
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі басқа жүйелердегі өзгерістер мен диурездің сандық өзгерістері.
Балалардағы ЖБЖ –нің себептері мен салдары.
Балалардағы жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.
Бүйрек қызметінің бұзылыстарының себептері және шумақтық сүзілудің, каналшалары реабсорбциясының және секрециясының бұзылыстары.
Жедел және созылмалы қабыну процестерінің этиологиясы мен патогенезі
Бүйрек қызметтерінің бұзылыстарының көріністері.
Бүйрек аурулары кезіндегі зәрдегі сапалы өзгерістер
Бүйрек тас ауруы. Этиологиясы, патогенезі
№1 тәжірибе. Ауру адамның несебінің меншікті салмағын анықтау.
Несептің меншікті салмағын урометрия әдісімен анықтайды. әйнек цилиндрге (100-150мл) несеп құйып, оған урометрді жайлап салады, ол қалқып жүру керек. Қалыпты несептің меншікті салмағы 1,008-1,024 патология кезінде көбейеді немесе азаяды.
|
3
|
Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау, RVL – ғылыми тұрғыдан талдай отырып қорытындылау.
|
12
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |