3. Сабақ жоспары
Пән
|
Кредиттер саны
|
Сағаттар
|
Оның ішінде
|
Бақылау нысаны
|
Д/ПС
|
ОБӨЖ
|
БӨЖ
|
|
Патологиялық физиология
|
6
|
180
|
5/55
|
30
|
90
|
Межелік бақылау: 2 сатылы
1. Компьютор орталығында тестілеу (Платонус бағдарламасымен)
2. Ауызша сұрау және ситуациялық жағдайды шешу.
Аралық бақылау - 2 сатылы:
1. Емтихан (компьютор орталығында Платонус бағдарламасымен )
2. Практикалық дағды (ситуациялық жағдайды шешу.
|
4. Бағалау критерийлері
Бағалау стратегиясы (бағалау түрі)
|
Салмағы (%)
|
Тапсырманы тапсыру мерзімі
|
Бағалау критерийлері
|
Ағымдық бақылау
|
60%
|
Әр кредит аяқталғаннан кейін
|
Білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесіне сәйкес әрбір орындалған тапсырма үшін
|
Қорытынды бақылау
|
40%
|
Кестеге сәйкес
|
Білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесіне сәйкес жазбаша және/немесе ауызша емтихан сұрақтарына жауабы үшін
|
1-қосымша
Дәрістің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№
|
Тақырып атауы
|
Сағат саны
|
1
|
Сыртқы тыныс бұзылысының этиологиясы және патогенезі
Өкпе желдетілуінің бұзылысы.. Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылысы. Өкпедегі қан айналысының бұзылысы. Жасына байланысты ерекшеліктері.
|
1
|
2
|
Қанайналысының жетіспеушілігі: түрлері, жалпы сипаттама. Компенсаторлық механизмдер. Артериальдық гипертензияның патофизиологиясы. Біріншілік артериальдық гипертензия: артериальдық гипертензияның пайда болуына жүйкелік реттелудің бұзылысының және басқада факторлардың маңызы.
|
1
|
3
|
Асқазан диспепсиясының этиологиясы және патогенезі. Асқазанның негізгі қызметтерінің бұзылысы. Ішек диспепсиясының этиология және патогенезі.
Мембрандық асқорыту бұзылысы. Бауыр патофизиологиясы.
|
1
|
4
|
Эндокрин жүйесінің этиологиясы және патогенезі. Эндокрин жүйесіндегі кері байланыстың бұзылыс механизмі.
|
1
|
5
|
Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстарының этиологиясы және патогенезі. Мидың қан айналысы бұзылысының патофизиологиялық механизмі. Нейроинфекциялардың патофизиологиялық механизмдері. Жүйке жүйесінің когнитивті қызметінің бұзылысы.
|
1
|
|
Барлық сағат
|
5
|
Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырып атауы
|
Сағат саны
|
Өткізу нысаны
|
1
|
«Тыныс жүйесінің» модулі
Сыртқы тыныс жетіспеушілігінің түрлері. Альвеолярлық гипо- гипервентиляция
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Өкпе желдену көрсеткіштерінің өзгерістері.
Өкпе желдену бұзылысының түрлері: гипервентиляция, гиповентиляция және біркелкі емес желдену.
Өкпе желдену бұзылысының обструктивті және рестриктивті түрлері.
Өкпе желдену бұзылысының негізгі көріністері.
Балалардағы мұрынмен тыныс алудың жетіспеушілігі.
Сыртқы тыныс алудың негізгі қызметтері
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің негізгі себептері
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің даму механизмдері
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық түрлері
Патогендік түрлері.
№1 тәжірибе. Жоғарғы тыныс жолдарының рецепторларын тітіркендірген кезіндегі тыныс өзгерістерін зерттеу.
Егеуқұйрықты наркозды колпактың астына отырғызып, ингаляциялық наркоз (наркотан) береміз, тыныс алуын қатаң түрде бақылап отырамыз. Егеуқұйрықты наркоздық жағдайда ұйықтатқан соң, тақтайшаға арқасымен бекітеміз. Энгельманның серфингі және кіші рычагтің көмегімен кеуде қуысының тыныстық экскурсиясын кимограф лентасына жазамыз. Сосын жануардың тұмсығына нашатыр спиртінің бірнеше тмшысын тамызған мақтаны кішкентай воронкамен қоямыз, әрі қарай осы жағдайда да тынысты тіркейміз. Сосын мұрын жолына 2-3 тамшы 2%-2 мл новакаин ерітіндісін тамызып тыныс жолдарының тынысын калыптастырады. 5-10 мин. өткен соң, егеуқұйрықтың тұмсығына аммиак ерітіндісіне малынған мақтаны қайта қоямыз, осы жағдайда да тыныс өзгерістерін тіркейміз. Жоғарғы тыныс жолдарының кілегей кабығының жансыздандыруға дейінгі және кейінгі аммиакқа реакциясын салыстырамыз.
Келесі сұраққа жауап беріп, қорытынды жасаймыз: анықталған тыныстың механизмдері қандай? Осындай механизммен пайда болатын адамдардағы тыныс бұзылысына мысалдар келтіріңдер
№ 2 тәжірибе. Өкпе зақымдалуының тынысқа әсері.
Шалқасынан тақтайға бекітілген егеуқұйрықтың тынысын тіркейміз. Бірқалыпты тыныс қалыптасқан соң, өкпеге кеуде қуысынан оңға қарай ортаңғы аксиллярлы сызық бойымен шприцпен 0,5 мл ыстық су (900-1000С) жібереміз. Тыныстың жиілігін және тереңдігін өкпені зақымданғанға дейін және зақымданғаннан кейін салыстырамыз. Тәжірибе нәтижесін талқылау, кимографиялық қисықты сызу керек. Қорытынды жасаңыз.
|
4
|
Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау.
|
2
|
Альвеокапиллярлық мембрананың диффузиялық қабілетінің бұзылысының механизмдері. Өкпенің перфузиялық қабілетінің бұзылысы. Тыныс бұзылысының синдромдары. Жаңа туған нәрестелер мен балалардағы тыныс бұзылысының синдромдары.
Кіші қан айналысы шеңберінің гипертензиясы.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тыныс жеткіліксіздігінің диффузды түрі.
Тыныс жеткіліксіздігінің диффузды түрінің себептері мен даму механизмдері.
Өкпе қанайналысының және кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясының бұзылыстары, себептері.
Балалардағы өкпе қанайналысы бұзылысының ерекшеліктері.
Балалардағы кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясы кезіндегі тыныс өзгерістері.
Тыныс жүйесі зақымдалуының көп тараған синдромдары туралы түсінік және түрлері,
Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының анықтамасы, себептері және даму механизмі. Негізгі клиникалық симптомдары
Өкпе тінінің тығыздалу синдромының анықтамасы, себептері және патогенезі. Емдеу принциптері.
Плевра қуысында газдар мен сұйықтықтың жиналуы және олардың өкпе қуысында болу синдромының этиологиясы және патогенезі
Кіші қан айналысы шеңберінің гипертензиясына түсінік.
Өкпе гипертензиясының жіктелісі.
Өкпе гипертензиясы себептері, даму механизмі.
№1 Тәжірибе. Аралық миды тітіркендіргенде тыныстың өзгеруі.
Бақаны шалқасынан тақтайшаға бекітіп,кимографқа алғашқы
демалысын жазады. Ол үшін тамақ асты терісінен қармақпен іліп, оның жібін жазғышқа байлайды. Бақаның басын көзден жоғарғы қабағынан кесіп тастайды, ми кесігіне ас тұзының түйіршігін жапсырып қояды. Кимографты жіберіп демалысты қайта жазып өзгерісті байқайды. Соңында тұз түйіршігін алып ми кесігін физиологиялық ертіндімен жуып жіберу керек, демалыс қалпына келеді. Бақа дем алуында шын және жалған дем алу болады. Шын дем алудың амплитудасы үлкен болады, жалған түрінің амплитудасы ұсақ, ол жақтың қозғалысы. Шын тыныс алу қозғалысы филогенезде кеш пайда болған жылдам тежеледі және ми бұзылғанда қайта орнына келу кешігіп келеді.
№2 тәжірибе. Мезгіл- мезгіл тыныс алуды экспериментті (бақада) жасау.
Студенттер топқа бөлініп, әр топ бақаны тақтайшаға бекітіп, алдыңғы тәжірибедей дем алысты кимографқа жазады. Бақаның іш перде ішіне 1,0-1,5 мм 15% азотқышқыл натрии ерітіндісін жібереді. Үш-бес минуттан кейін тыныс алуды жаза бастайды, 10-15 минут өткесін мезгіл-мезгіл қайталанатын дем алу басталады. Тәжірибе соңында бақаны сойып, ашып қарап, ткань мен қандағы өзгерісті анықтайды. Мезгіл-мезгіл қайталанған тыныс алудың патогенезін жазу керек
|
4
|
Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау
|
3
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |