Білім беру бағдарламасы: Жалпы медицина Курсы: 3 Пән коды және атауы: pf 3214 «Патологиялық физиология» Кредит саны: 6



бет8/21
Дата27.09.2023
өлшемі119.87 Kb.
#478841
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Силлаьус 2023 ОМ каз

«Асқорыту жүйесі» модулі.
Ас қорыту жүйесінің бұзылысының этиологиясы, патогенезі. Тәбеттің бұзылыстары. Ауыз қуысындағы асқорыту бұзылыстары және өңештен өтуінің бұзылыстары Асқазандағы тағамның қорытылу бұзылыстары. Асқазан жара ауруы.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Асқорыту жетіспеушілігінің негізгі себептері.

  2. Тәбеттің бұзылысы, түрлері, себептері

  3. Ауыз қуысында және өңештегі асқорытылу бұзылыстары. Дисфагия синдромы.

  4. Сілекей бөлінудің бұзылысы: гиперсаливация және гипосаливация

  5. Өңеш қызметінің бұзылыстары

  6. Асқорыту жетіспеушілігінің негізгі себептері.

  7. Асқазанның сөл түзу және қимылдық әрекеттерінің бұзылыстарының себептері мен механизмдері.

  8. Патологиялық секреция түрлері.

  9. Асқазан жара ауруының этиологиясы және патогенезі.

Асқазан жара ауруының эксперименттік үлгісі

№ 1.Тәжірибе. Мұжма тышқанда эксперименттік асқазан жарасын тудыру.


Мұжма тышқанда эфир наркозымен ұйықтап, тақтайшаға шалқасынан бекітіп байлайды. Іштің жүнін қайшымен қырқып, спирт және йодпен тазартады. Операцияны стерильді жасау керек: іштің ақ жолақ сызығының үштен ортанғы бөлігінің тұсынан теріні кеседі (1-1,5 см), одан әрі шандырын жарып ішкі пердені кеседі. Жарақат айналасын стерильді марлымен жауып, ағарып көрінетін асқазанның кардиалды бөлігіне тимей, оның пилорус жағын ұлтабармен қоса сыртқа шығарады. Пилорус астына жіп өткізіп, пилорусті буындырмай, лигатура салады. Асқазанды қайтадан ішкі орнына тығып, кесіктен болған жараны қабат-қабатымен тігеді. Осылай жіптен 24-48 сағат шамасында асқазанда жара дамиды
№2. Тәжірибе. Жараны көру және қарын сөлін алу үшін асқазанды жарып көру.
Бұл тәжірибе бірінші тәжірибенің жалғасы. Бұдан 24-48 сағат бұрын операция жасалған мұжма тышқа нға наркоз, беріп шалқасынан тақтайшаға бекітеді. Жараны тіккен жіптерді қиып, тесікті ашып кеңітеді, асқазанды сыртқа шығарады. Асқазанның пилорус және кардиальды бөліктеріне лигатура салып, қатты байлайды. Екі лигатураның арасында асқазанды кесіп алады. Байқап асқазан сөлін аяқшаға жинайды. Пилорустан бастап асқазанды үлкен қыйсығы бойынша ұзына бойы жарады. Саусақтармен жазап, асқазанның кілегей қабығын дымқыл тампонмен сүртеді, лупа арқылы жараны табу керек, оның дамыған жерін, көлемдігін анықтау керек. Жараның пайда болу механизмі қандай?

4

Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау

6

Ащы және тоқ ішек қызметтерінің бұзылысы. Демпинг синдромы. Іш өтулер патогенезі. Балалардағы қабырғалық асқорытылу бұзылысының диспепсия дамуындағы маңызы. Панкреатит, этиологиясы, патогенезі. Бауыр патофизиологиясы. Бауыр жетіспеушілігі.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Өттің түзілуі мен өт секретсиясының бұзылыстарыСарғаюлар. Өт тастарының түзілуі. Бауырлық кома. Ішектерде асқорытылу бұзылыстарының негізгі себептері.

  2. Аш ішектің сөл түзу, қимылдық және сіңіру қызметтерінің бұзылыстары. Олардың түрлері, себептері және пайда болу механизмдері, салдары.

  3. Мембраналық қорытылу бұзылыстары, олардың себептері және салдары. Мальабсорбция синдромы.

  4. Тоқ ішектің қимылдық әрекетінің бұзылыстары, пайда болу себептері және салдары. Ішектік өзіндік уыттану.

  5. Асқазанның сөл түзу және эвакуаторлы қызметтері мен аш және тоқ ішектердің қимылдық қызметтерінің бұзылыстарының арасындағы байланыс. Демпинг синдромы.

  6. Балаларда тәбеттің төмендеуі. Балалардағы іш өтулер патогенезі.

  7. Балалардағы қабырғалық асқорытылу бұзылысы: оның диспепсия дамудағы маңызы

  8. Панкреатит себептері және патогенезі

  9. Бауыр жетіспеушілігінің этиологиясы мен патогенезі.

  10. Бауыр қызметін зерттеудің эксперименттік әдістері.

  11. Сарғаюлар, олардың түрлері, этиологиясы және патогенезі.

  12. Механикалық сарғаю: себептері және патогенезі

  13. Паренхиматозды сарғаю: себептері, сатылары және патогенезі

  14. Гемолитикалық сарғаю

  15. Сарғаю кезіндегі ағзадағы жалпы бұзылыстар.

  16. Жаңа туған нәрестелердегі сарғаюлар, этиологиясы, патогенезі.

  17. Балалардағы бауырдың қызметтік дамымауының көріністері

  18. Ұйқы безінің жетіспеушілік синдромы

  19. Бауыр жетіспеушілігінің этиологиясы мен патогенезі.

  20. Өт тастарының құрамы және түрлері.

  21. Бауырлық кома, патогенезі.

№1 тәжірибе. Организмге өттің жалпы-токсикалық әсері.
Кішкене ақ тышқанның терісінің астына 1-2 мл. өт жібереді, салыстыру мақсаты мен екінші сондай тышқанға физиологиялық ерітінді жібереді (басқа шприц алу керек). 15-20 мин. өткен соң, екеуін салыстырады (тәртібін, сырт көрінісін, қимылын, дем алысын).

4

Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау

7



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет