«Жүрек - тамыр жүйесінің» модулі.
Жүректің қақпақшалар аппаратының зақымдалуы. Дамуының себептері мен механизмдері. Компенсаторлық механизмдері. Балалардағы туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары.
Жүрек ырғағының бұзылыстары. Балалардағы аритмиялар, этиологиясы, патогенезі.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жүрек қақпақшаларының зақымдалуы: түрлері, себептері және даму механизмдері.
Жүрек ақаулары кезіндегі гемодинамикалық бұзылыстар.
Жүрек ақаулары кезіндегі компенсаторлық механизмдер және компенсация механизмдері: (кардиальдық және экстракардиальдық)
Миокард гипертрофиясы. Гипертрофияланған жүректің ерекшеліктері.
Балалардағы ақаулар (туа және жүре пайда болған), себептері және даму механизмдері
Аритмиялар туралы түсінік.
Жүрек ырғағы бұзылыстарының себептері мен жіктелісі.
Аритмиялардың әр түрлерінің патогенезі. ЭКГ көріністері.
Аритмиялардың әр түрлерін емдеудің патогенетикалық принциптері
Балалардағы аритмиялардың ерекшеліктері
№1 тәжірибе. Жүрек қызметінің рефлекторлық өзгерістері.
А. Энгельман тәжірибесі. Жұлыны сақталған бақаны бекітеді, жүрегін жалаңаштайды, қағысын санайды. Бақаның терісін инемен немесе химиялық затпен (күкірт қышқылының 0,5 ерітіндісімен) тітіркендіреді. Жүрек жұмысының өзгерісін бақылайды.
Б.Гастро-кардиалды рефлекс.(модификациясы)
Жұлыны сақталған бақаны бекітеді, жүрегін жалаңаштайды, энгельман рычагіне жалғастырады. Іш қуысын ашып, қарынды шығарады. Жүрек жиырылуын кимографқа тіркей отырып, қарынды индукциялық токпен (2-4в) тітіркендіреді. Алынған нәтижелерді салыстырып, қорытындылайды. Жүректі атропиннің 0,1ерітіндісімен сулап, тәжірибені қайталайды. Кезбе нервтің маңызын дәлелдейді
№2.Тәжірибе. Жүректің өткізгіш жүйесіндегі блокадалар.
Жұлыны зақымдалған бақаның көкірек қуысын ашып, жүректің сыртқы қабығынан (перикард) босатады да, жүрек жіпшесін байлайды. Қолқа буылтығының астынан Дешан инесінің көмегімен жіпті өткізіп (13-15 см) және жүректі қайырып жоғарыға тастаймыз. Уақыт бірлігінде жүрек жиырылуын есептейді. Станниустың бірінші жібін (лигатураны) салады. Венозды синустың жиырылуын санайды. Жүрек қызметінің өзгерісін бақылау жалғастырады. Кейін 2-ші жіпті (лигатураны) жүрекше мен қарынша аралығынан тартып байлайды. Жүрекше және қарынша жиырылуының бөлек екенін байқайды. Үшінші жіпті қарыншаның төменгі 1,3 бөлігіне салады, яғни жүректі бөлектейді. Жиырылуын бақылап, протоколына жазады.
№3 Тәжірибе: Аритмиялар.
А) Тахикардия. Жалаңаштанған жүрекке жылы физиологиялық ертінді құяды, бақылап 1-2 минутта жүрек соғысын санайды.
Б) Экстрасистолия. Жүректі электр тогымен тітіркендіріп, (7,8қ) қарыншалардың диастола фазасын - кимографқа жазады.
В) Брадикардия. Жүрек жиырылуын есептеп, (1:1000) 1-2 тамшы ацетилхолин - ерітіндісін, тамызып, қайта есептейді. Тез физиологиялық ерітінді құйыңыз.
Г) Жыбыр аритмиясы. Жүрекке ыстық физиологиялық ерітінді (60-700С) тамызады, кимографқа жазып алады және жүректі бақылайды. Тәжірибе нәтижелерін цифрлі мәлімет түрінде жазу және кимограмманы салу. Алынған өзгерістерді түсіндіру
|
4
|
Шағын топтарда жұмыс жасау, TBL, ситуациялық есептерді шешу, тәжірибелерді ауызша талдау, Google және Padlet платформаларында тест және тапсырма орындау
|
4
|
Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігінің патофизиологиясы. Балалардғы қан айналым жеткіліксіздігі Коронарлы қан айналысының бұзылыстары. Миокард инфарктысы. Перикард зақымдалуы. Жедел жүрек тампонадасы Қан айналысының тамырлық жетіспеушілігі. Гипертензия және гипертониялық ауру. Атеросклероз, этиологиясы, патогенезі.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қанайналысының жетіспеушілігі, оның түрлері.
Жүрек жетіспеушілігінің түрлері., эиологиясы және патогенезі.
Жүрек жетіспеушілігінің миокардтық түрі, себепреті және механизмдері.
Жүрек жетіспеушілігінің зорығулық түрі, себептері және механизмдері.
Жедел жүрек жетіспеушілігінің этиологиясы және патогенезі
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің этиологиясы және патогенезі.
Қанайналысының жүрек жетіспеушілігінің гемодинамикалық көрсеткіштері.
Балалардағы қанайналым жетіспеушілігі, себептері және даму механизмі.
Коронарлы жетіспеушілік, себептері, түрлері.
Жүректің ишемиялық ауруы, оның түрлері, себептері және даму механизмі. Стенокардия.
Миокард инфарктісі және стенокардия, асқынуы мен ақыры.
Эксперименттік миокард инфарктісі.
Перикард қызметінің бұзылыстары.
Перикардиттердің этиологиясы және түрлері.
Перикардқа сұйық жиналу түрлері.
Жедел жүрек тығындалуы, оның асқынуы. Артериялық гипертензия: түсініктеме, түрлері, қауіп- қатерлі факторлар
Эссенциалық гипертензияның этиологиясы, даму механизмі.
Эссенциалық гипертензияның өту сатылары, емдеу әдістерінің патофизиологиялық негіздері.
Әйгіленімдік гипертензиялар, түрлері, себептері, ақыры.
Артериялық гипетензиялар түрлері, себептері
Атеросклероз туралы түсінік
Атеросклероз себептері және қауіп факторлары.
Атеросклероздың даму механизмі, ақыры
№ 1 тәжірибе. Егеуқұйрық өкпесінің адреналиннен ісінуі.
Жануардың тыныс алу жиілігін санайды. Тері астына 0,5 мл адреналин ерітіндісін енгізеді. Әр 10-15 мин сайын жалпы жағдайын бағалау қажет. 40-60 мин кейін егеуқұйрықты сойып, кеуде қуысын ашып, өкпеде болған өзгерістерді сипаттайды. Қорытынды
|
4
|
Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау
|
5
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |