Білім беру бағдарламасы кешенді емтиханының мақсаты Білім беру бағдарламасында кешенді емтиханды өткізу ережесі


Педагогикалық үрдісті басқару ережелері



бет12/22
Дата25.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487934
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
программа-ГАК-каз-2020-2

5.2.22. Педагогикалық үрдісті басқару ережелері.
"Ұйым", "басшылық", "басқару" санаттарының мазмұны, олардың педагогикалық жүйені басқарудың заманауи теориясындағы орны. Тәрбиеленушілердің іс-әрекетін басқару қағидаттары. Дене тәрбиесін оқыту үрдісін басқарудың негізгі кезеңдері.
5.2.23. Педагогикалық үдерісті жоспарлау жолдары және оның болжамы.
Педагогикалық бақылау және есепке алу – оқытушылардың басқару қызметінің маңызды элементі. Педагогикалык үдеріске түзету енгізу әдістері. Оқушылардың белсенділігін, танымдығын ынталандыру және қызығушылығын қалыптастыру әдістері.


5.3. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәні

«Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері пәні дене шынықтыру және спорт саласындағы болашақ мамандардың алдына қойған міндеттерін ескере отырып оқытылады. Мақсат - дене шынықтырумен және спортпен шұгылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесіне физиологиялық негіздеме беруге арналған өзіндік білім алу денгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру.


«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәні бойынша оқыту нәтижелері:
- тыныс-тіршілігі үдерісінде және бұлшық ет жұмысының түрлері, сипаты, қуаты туралы білімдерін көрсету;
- тыныштық күйде және ағзаның әртүрлі жағдайларында негізгі физиологиялық параметрлердің өзгерістеріне сүйене отырып жасау;
- дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдар ағзасының жеке жүйелерінің функционалды күйін бағалау;
- кәсіби қызметті жетілдіру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.


5.3.1. Кіріспе. бұлшық ет қызметіне бейімделу. ағзаның функционалды қорлары.
Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
- қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы. Зерттеу әдістері. Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы. Дене жаттығулары және спорт физиологиясының даму тарихы (жақын, алыс шетелдердің және Қазақстан ғалымдарының еңбектері).
Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларға бейімделуі туралы түсінік. Бейімделудің түрлері. Бейімделудің жеке түрлері. Ұзақ бейімделу және құрылымды жүйелі іздің қалыптасуы. Гипоталамусты-гипофизды-бүйрек үсті жүйенің жедел бейімделу кезіндегі стресс–реакциялардағы маңызы. Дизбейімделу, бейімделудің жоғалуы және бейімделудің бағасы туралы түсінік. Дене жүктемелеріне бейімделудің механизмдері. Бейімделу кезіндегі ағза қызметінің өзгеруі. Ағзаның қызметтік қорлары және олардың жіктелуі. Дене жүктемелеріне жедел және ұзақ уақыт бейімделуі және ағзаның қызмтеттік қорларының іске қосылуы. Бейімделудің негізгі қызметті тиімділігі, үнемдеу, іске қосу, қорлардың мүмкіндіктерін жоғарылату, қалпына келтіру, тұрақтылық, қызметтердің сенімділігі. Бейімделу өзгерістерінің қайтымдылығы. Дене жүктемелеріне жедел және ұзақ уақыт бейімделудің сапасын және тиімділігін физиологиялық бағалаудың ұстанымдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет