Білім беру бағдарламасы кешенді емтиханының мақсаты Білім беру бағдарламасында кешенді емтиханды өткізу ережесі


Жаттығу жүктемелерінің жіктелуін, спорттық жаттығулардың қағидаларын және жоспарлануын физиологиялық негіздеу



бет15/22
Дата25.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487934
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
программа-ГАК-каз-2020-2

5.3.7. Жаттығу жүктемелерінің жіктелуін, спорттық жаттығулардың қағидаларын және жоспарлануын физиологиялық негіздеу.
Спорттық шынығудың және жаттығуды дамытудың физиологиялық қағидалары. Спорттық жаттығуды кезеңдендірудің физиологиялық сипаттамасы. Спорттық жаттығудың физиологиялық сипаттамасы: максималды жүктемелердің арнайылық қағидасы, жүктемелердің және кері байланыстың өзара әсері, реттілік, кері қайтымдылық, тізбектілік, қалпына келу үдерістерінің кезеңділігінің есепке алудың қағидасы. Көп жылдық даярлықтың және оның жеке кезеңдерінің физиологиялық ерекшеліктері. Шынығу жүктемелерін жүктеудің, спорттық жаттығуды жоспарлаудың физиологиялық негіздері. Жедел, кешікпелі және жинақтау жаттығу тиімділігі туралы түсінік.
Шыныққандықтың физиологиялық сипаттамасы. Тыныштық күйдегі шыныққандық сипаттамасы. Шыныққан спортшының стандартты жүктемеге реакциясының сипаттамасы. Шекті ауыр жүктеме кезіндегі шыныққандықытың физиологиялық көрсеткіштері. Шамадан тыс шыныққандықтың сипаттамасы. Шамадан тыс шыныққандықтың белгілері және оның алдын алу.
Жоғары температура және ылғалды ауа жағдайындағы спорттық жұмысқабілеттілік. Жылуға бейімделудің физиологиялық сипаттамасы. Жоғары температура және ылғалды ауа жағдайындағы жылу реттелуінің ерекшеліктері. Спорттық жұмысқабілеттілікті төмендететін факторлардың физиологиялық сипаттамасы: а) ағзаның қызып кетуі; б) дегидратация; в) жүрек-тамыр жүйесінің оттекті тасымалдау мүмкіндігінің төмендеуі. Жоғары температура және ылғалдылық жағдайындағы ағза қызметінің өзгерістері. Жылуға бейімделу (акклиматизация) және оның физиологиялық сипаттамасы. Жоғары температура жағдайындағы сұйықтықты қабылдау тәртібі. Ағзаның жылуға тұрақтылығын арттыру. Салқын сумен шынығуды ағзаға әсерін физиологиялық негіздеме беру.
Қоршаған ортаның төменгі температура жағдайындағы спорттық жұмысқабілеттілік. Осы жағдайлардағы ағза қызметінің өзгерістері. Температура өзгерістеріне бейімделу.


5.3.8. Қоршаған ортаның ерекше жағдайларындағы спорттық жұмысқабілеттіліктің физиологиялық негіздері.
Ауаның жоғары температурасы және ылғалдылығы жағдайында температураны реттеу ерекшеліктері. Спорттық жұмысқабілеттілікті төмендететін факторлардың физиологиялық сипаттамасы: 1) ағзаның қызып кетуі; 2) дегидратация; 3) жүрек тамыр жүйесінің оттегіні тасымалдау мүмкіншілігінің орта биіктік және жоғары биіктік жағдайлрындағы адам ағзасына әсер ететін факторларының сипаттамасы, осы жағдайлардағы ағза қызметінің өзгерістері. Оттегі жетіспеушілігінің түрлері және олардың физиологиялық сипаттамасы. «Тау ауруы». Спортшылардың орта биіктікте болғанға дейінгі және одан кейінгі жұмысқабілеттілігі.
Адамның биологиялық ырғақтары. Бейімделу және ырғақтар. Тәулік бойы жұмысқа қабілеттіліктің өзгеруі. Десинхроз және оның физиологиялық сипаттамасы. Уақытша белдеулік және оның кезеңдерінің аусымындағы ағзаның жаңа тәуліктік қызметтерінің қалыптасуы. Көптәуліктік ритмдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет