Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы.
Астық және астық массасының горизонталь жазықтыққа бұрыш жасай орналасқан бетте жылжуын олардың сусымалылығы деп атайды. Астық массасы жақсы сусымалылығымен ерекшеленеді, ал мұны конвейер, нория т.б. құралдармен орын ауыстырғанда, бункерлермен силостарға астықты тиегенде және түсіргенде пайдаланады. Әсіресе, автомашина немесе вагон қораптарынан астықты түсіруде есепке алынады.
Үйкеліс бұрышы дегеніміз тегіс-затты еңкейткенде дән сырғуға мүмкіндік болатын бұрыш.
Табиги көлбеу бұрышы деп астықты белгілі бір биіктіктен тегіс заттың үстіне төккенде жасайтын бұрышты айтады.
Өздігінен сүрыпталу Машина, вагон қораптарын, қойма, элеватор силостарын тиеп- түсіруде, астықты бір орыннан екінші орынға тасымалдауда жүретін күрделі физикалық құбылыс. Ірі, ауыр дәндер және жоғары тығыздықтағы басқа бөліктер жеңілдеріне қарағанда силосқа тігінен, әрі үлкен жылдамдықпен түседі. Олар силостың орта бөлігін толтырады. Автомашина қорабы толған астықты тасымалдау барысында тербеліс әсерінен ауыр дәндер астына шөгеді де, жеңілдері беткі қабатына қалқып шығады.
С.Г. Герасимовтың зерттеуі бойынша элеватор силостарын толтырып түсіруде өздігінен сұрыпталудың 3 түрі жүреді. Олар:
- симметриялы сұрыпталу;
Бұл ерекшеленудің түрлері ыдыстың формасына (биіктігі мен еніне) және дән төгілетін тесіктің орнына байланысты болады.
Өнім сусымалылығын біле отырып, автомашина қорабындағы дәнді түсіру барысында көтергіш құралға қажет энергияны, уақытты үнемдеуге болады. Бұл, әсіресе қауырт шақ- егін орағы кезінде астық қабылдау орындарында астық тапсырушылардың кезек күтіп қалмауына, тиеп-түсіргіш машиналардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Осы 3 көрсеткіш арқылы көлбеу қойылған елегіште, кептіргіште дәннің қаншалықты ұзақ тұратынын біледі. Сол арқылы кептіруге жұмсалатын жылу мөлшерін анықтап, арнайы тәсіл қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |