Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет21/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары

1. Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының түрлеріне талдау жасаңыздар


2. Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынына қарсы күрес түрлеріне қандай
тәсілдер жатады?

  1. Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынын азайту жолдарына талдау

жасаңыздар

  1. Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынына қарсы күрестің ерекшелкңтері

қандай?


Дәріс № 6


Тақырып: Егін жинағаннан кейінгі дәннің пісіп-жетілуі.
Сабақтың мақсаты: Егін жинағаннан кейінгі дәннің пісіп-жетілу процесстермен
танысу.
Жоспар:

  1. Дәннің пісіп-жетілу процессі

  2. Дәннің пісу жағдайы

  3. Пісіп - жетілу кезеңіндегі биологиялық өзгерістер

  4. Дәннің ылғал мөлшері

Ол күрделі биохимиялық процесс болып табылады. Астық дақылдарының көпшілігі бастыру кезінде толық пісті десек те, оның сапасы талапқа сай болмайды.
Жаңа жиналған астық сапасының ерекшеліктері мына себептермен түсіндіріледі. Пісу кезеңінде дәндегі күрделі биохимиялық процестер дәннің толық пісуімен аяқталмайды және олар егін жинағаннан кейін бірқатар уақыт бойы жалғаса береді. Сақтау кезеңіндегі астық пен тұқымдардың себу және технологиялық сапаларынн жақсаруына жеткізетін процестер жиынтығын егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі деп атайды.
Әр дақылдың жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуіне әр түрлі уақыттар кетеді. Мысалы, дәнді дақылдардың массасына 1-2 ай, күнбағысқа 25-50 күн, мақтаға 7 ай, жүгеріге 0-7 күн қажет. Кейбір жағдайда, арпа мен қара бидайға жинап алғаннан кейінгі пісіп жетілуі керісінше әсер етеді.
Негізгі астық дақылдарының тұқымдарында егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу процесі қолайлы сақтау жағдайларында 1,5-2,0 ай мерзімінде аяқталады. Астық дақылдары егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуінің сипаты мен ұзақтығы сорттық ерекшелік болып табылады (ерте пісетін сорттар кеш пісетіндеріне қарағанда тезірек пісіп-жетіледі) және дақылдың өсіру, пісу кезеңдеріндегі ауа-райы жағдайларына байланысты өзгереді. Сонымен жаңа жиналған астық массасы, жоғары физиологиялық және биохимиялық белсенділігіне байланысты, ерекше көңіл бөлуді және сақтау кезінде оның күйіне мұқият бақылау жасауды талап етеді
Кей жылдары Солтүстік облыстарда дән массасының жинап алғаннан кейінгі пісіп- жетілуі нашар жағдайда өтеді. Сондықтан сапасы күрт төмендейді.
Дән массасының сақтау кезіндегі өнуі. Қоймадағы астық төмендегідей себептерге байланысты өнеді:

  1. Астық жер еденде сақталса. Дәннің сорбциялық қасиетіне байланысты топырақ

қабатындағы ылғалды өз бойына тарту арқылы астық массасының төменгі қабатындағы жалпағынан қызу және өну жүреді.

  1. Астық қойманың ылғал қабырғасына жақын жатса. Қабырға маңындағы астық

ылғалданып тігінен қызу және өну жүреді.

  1. Қоймада герметизация жұмысы дұрыс жүргізілмеуі салдарынан ішкі жағына су енсе.

Бұл кезде су өткен жерлерде нүктелеп қызу және өну процесі жүреді.

  1. Астықтың беткі қабатында, шамамен 15-30 см тереңдікте су булары жиналу арқылы

ылғалданса. Әдетте, мұндай құбылыс қойманы уақытылы әрі дұрыс желдетпеудің салдарынан болады.
5. Кептірілмеген, салқындатылмаған астық қараусыз, ұзақ жатып қалса. Бұл кезде астық массасының ішкі қабатындағы тірі компоненттердің тіршілігі әсерінен ылғал мен температура артып, астықта жалпылай қызу процесі жүреді.
Бұл дер кезінде бақыланбаған, күтілмеген астықта жүретін келеңсіз құбылыс болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет