Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет46/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Астық сапасын анықтау тәсілдері. Кез келген астықты өткізіп-қабылдауда, оны топтастырып, ірі партия құрауда, өнімді өңдеп тиімді сақтау тәсілін қарастыруда оның сапасын анықтау міндетті түрде атқарылатын жұмыс. Астық сапасын анықтау тәсілдерін шартты түрде:

  • органолептикалық (сезім мүшесінің көмегімен анықтау),

  • лабораториялық (инструментгік) - деп екі топқа бөледі.

Органолептикалық тәсіл.Өнім сапасын анықтауда бұл тәсіл ежелден келе жатқан тәсіл болып табылады. Адам сезім мүшесінің көмегімен тұтынатын өнімі жөнінде көптеген мәлімет алып отырған. Сыртқы түріне, түсіне қарай отырып, дәннің қаншалықты толық пісіп жетілгендігін, көлеміне, сыртқы және ішкі жағдайына байланысты нанныңсапасын анықтайды.
Физикалық тәсіл. Бұл тәсіл физика заңдылықтарына сүйене отырып, арнайы кұралдардың көмегімен жүргізіледі.
Химиялық тәсіл.Өнімнің тағамдық құндылығы оның құрамындағы органикалық және минералдық заттарға байланысты. Қазіргі ғылым мен техниканың еркендеген дәуірінде тұтынатын өнімге жалпылай баға бермей, оның жекелеген көреткіштерін де зерттеу қажет. Мысалы, өнімдегі фермент белсенділігін анықтау үшін биохимиялық зерттеулер, қышқылдылығын, тұздың мөлшерін, т.б. анықтау үшін химиялық тәсілдер қолдану қажет болады.
Физикалық-химиялық тәсіл.Өнім сапасын анықтауда сиректе болса қолданылатын тәсілдің бірі. Мысалы, ұнның су сіңіру мүмкіндігі, оныңсуда қойыртпақталуы, т.б. белгілерді анықтауда қолданады.
Биологиялық тәсіл.Өнім сапасын анықтауда жиі қолданылатын тәсілдің бірі. Өнім құрамындағы микробиологиялық көрсеткіштерді, зиянкестердің түр құрамын биологиялық тәсілмен анықтайды.
Технологиялық тәсіл. Технологиялық тәсіл болашақ өнім сапасы жөнінде мол мәлімет алуға болатын кешенді тәсіл. Өндірісте қолданылатын технологиялық жүйенің бір бөлігін алып, өнімді өңдеу арқылы coлжекелеген өнімге сипаттама беруге болады. Айталық, тамыр жемістің жаңқасы (стружка) арқылы қант қызылшасының технологиялық өңдеуге жарамдылығын, бидай дәнін лабораториялық дирменде тарту арқылы ұнның технологиялық қасиеті мен оның шығымын, үлгі нан пісіру арқылы ұнның (дәннің) нандық қасиетін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет