Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет47/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары:



  1. Астық массасының сапалық белгілері.

  2. Барлық сапалық белгілерді қандай топтарға жіктейді?

  3. Міндетті түрде анықталуға тиісті сапалық белгілерге қандай белгілер жатады?

  4. Қандай белгілерді пайдалану мақсатына байланысты анықтайды?

  5. Сапаны анықтайтын тәсілдер қандай топтарға бөлінеді?

  6. Органолептикалық тәсілмен қандай сапалық белгілер анықталады?



Дәріс № 29


Тақырып: Астық массасынан үлгі алу және оның сапалық белгілері


Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік стандарт талаптарына сай үлгі алу тәртібімен, оған қойылатын негізгі талаптармен және қолданылатын құрал- жабдықтармен танысу.

Астық сапасы әрбір партия астықтан арнайы тәсілмен алынған орташа үлгіден анықталады. Орташа үлгі өзінің физикалық, химиялық және басқа да қасиеттері бойынша сол партия астыққа барынша сипаттама беруі тиіс. Егep, үлгі алу барысында қателікке жол берілсе, яғни, стандарт талаптары орындалмаса, онда астық сапасы көрсеткіштері дұрыс болмайды. Ол дегеніміз - сол астықты өткізуде (сатуда) бағасының дұрыс есептелмеуі, өңдеу кезінде техника тетіктерінің дұрыс қойылмауы, сақтау барысында күтіп-қадағалау процесін дұрыс ұйымдастырмау. Сол себепті үлгі алу өте жауапты да күрделі жұмыс болып табылады әрі ол мемлекеттік стандарт талаптарына сай жүргізіледі.


Партия астық дегеніміз - сапасы жөнінен бірдей, бір құжат толтырылған, бір түрге, бір сортқа жататын, бір мезгілде қабылдауға, өткізуге немесе бір қоймада сақтауға арналған кез келген көлемдегі астық.
Астық сапасы деп сол астықтың белгілі бір мақсатқа пайдалану немесе ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігін анықтайтын белгілері мен қасиеттерінің жиынтығын айтады.
Шаруашылықтан алып келінген астық партиясы құжатында: шаруашылықтың аты, дақылдың түрі, сорты, бастырылған жылы, автомобиль нөмірі, астықтың салмағы, құжатты толтырған күн, құжатты берген жауапты маманның қолы көрсетілуі тиіс. Бір тәулік ішінде бір шаруашылықтан жіберілген астық партиясына бір сапалық құжат толтырылуы мүмкін.
Астықты темір жолмен тасымалдауда бір мекемеден жіберілген және бір жерге өткізілетін бірнеше вагондағы бір түрге жататын астыққа барлық вагондардың нөмірі көрсетілген бір құжат толтырылады.
Астықтың сапасын анықтау үшін әрбір партия астықтан ұя алғыштардың көмегімен ұя алу арқылы үлгі алады.
Тәжірибеде бір-бірінен құрлысына, қолдану орнына байланысты ерекшеленетін ұя алғыштардың негізгі үш түрі пайдапанылады.

  • автомашинадан, вагоннан немесе үйінді астықтан ұя алатынконус тәрізді ұя алғыш;

  • бір мезгілде бірнеше тереңдіктенұя алатын цилиндр тәрізді рі алғыш;

  • жабық қаптан ұя алатын қаптық ұя алғыш.

Астық қабылдау мекемелері мен элеваторларда астықты арнайы вагондармен тасымалдайды. Мұндай вагондарданүлгіні тиеу, түсіру кезінде арнайы тұтқыш ыдыстарды астық ағынына біркелкі уақыт аралығында тосу арқылы алады.
Барлық ұялардың жиынтығы бастапқыүлгіні құрайды және оның салмағы алынған ұяның санына және ұя алғыш ыдысының көлеміне байланысты болады. Бастапқы үлгі салынған қалтаның аузына дақылдыңаты, қойманың,элеватор силосының, алып келінген вагонның немесе автомашинаның нөмірі, партия астықтың салмағы, үлгі алған күн, үлгініңсалмағы көрсетілген және үлгі алушының қолы қойылған таңба-этикетка байланады.
Орташа үлгіні айқас бөлу (конверт) тәсілімен алу үшін бастапқы үлгін тегіс заттыңүстіне төгіп, оны екі тақтайша-планканың көмегімен қарама қарсы жағынан күреп, пирамида жасай 3 қайтара жинайды. Үйіндіні дәннің ірілігіне байланысты 2-5см қалыңдықта жаяды да, төрт бұрышты формаға келтіріп, тақтайшамен диоганалы бойынша айқас бөлу арқылы тең төрт үш бұрышқа ажыратады. Кез келген қарама-қарсы үш бұрыштағы дәнді алып тастап, қалған дәнді дәл осы тәсілмен араластыра жинау арқылы айқас бөледі.
Бұл тәсілді үлгідегі астықтың салмағы 2 кг-ға жеткенше жүргізеді. Алынған үлгі орташа үлгі болып табылады әрі астықтың барлық сапалық белгілері осы үлгіден анықталады. Айқас бөлу немесе конверт тәсіліменүлгі алудағы негізгі мақсат - орташа үлгінің сол партия астыққа барынша толық сипаттама беруін қамтамасыз ету.
Бұл апарат орташа үлгіні автоматты араластыру арқылы 25, 50 немесе 100гр өлшем, орташа тәуліктік үлгіден орташа үлгі алып беруге, орташа үлгіні теңекіге бөлуге арналған.
Апарат диаметрі 25см, биіктігі 112см, салмағы 13,5кг етіп жасалынған негізгі 3 бөліктен тұрады:

  • қаңылтырдан цилиндр формасында жасалған, қалдық дәннен тазалап тұруға арналған есігі бар қаңқа-корпус;

  • сиымдылығы 4,5кг болатын түбінде тесігі бар конус тәріздес воронкалы ыдыс;

  • қажетті өлшем салмағын реттейтін тетік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет