Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет53/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Тұқымдық кондицияда - себуге арналган тұкымдық материалдардыңсапасына қойылатын талаптар қарастырылады. Тұқымдық матери мемлекеттік қор болып табылатындықтан олардың сапасы тұкым инспекциясы арқылы үнемі қадағаланып отырылады.
Өндірістік кондиция - әрбір өндіріс саласының тапаптары жеке өнім бойынша қарастырьыған және оны өңдеу кезінде басшылықка алынатын кондиция болып табылады.
Экспорттық кондиция - дүние жүзілік астық саудасындағы сапаға қойылатын талаптар ескеріле отырып, халықаралық стандарт негізінде алынады.
Дайындау кондициясы - өнім дайындайтын мекемелердің өткізушіге қоятын талаптары қарастырылған кондиция. Ол өз кезегінде:
- базистік;
- шектеулік болып екіге бөлінеді.
Базистік кондиция - сапалық белгілердің тұтынушыны (сатып алушыны) қанағаттандыратын деңгейі. Сапасы бойынша базистік кондицияталаптарына сай астықтың сақтау мерзімі ұзақ болады, өңдеу барысындасапалы әрі жоғары молшерде өнім алынады. Сондықтан, бұл кондиция сатуда, сатып алуда, есептесу кезінде сол өнімнің құны мен салмағына әсер етеді.
Өнім өндіруші шаруашьшық көп жағдайда, өз өнімінің сапасынаталған кондиция талабына сай етіп өткізе алмайды. Оган себеп өнімді өңдеуге арналған арнайы құрал жабдықтардың, техниканың жеткіліксіздігі,
Олардың дұрыс істемеуі, өнімді жинау, өңдеу кезіндегі ауа райыныңқолайсыздығы, тасымалдау ұзақтыгы, т.б. Астық сапасы базистік кндинцияға сай болмаған жағдайда шектеулік кондиция ұғымы қолданылады.
Шектеулік кондици ядегеніміз - сапалық белгілердің базистік кондинция тапаптарынан ауытқуының төменгі деңгейі (шегі). Өнім өткізуші шаруашылык өнімдерінің сапасын шектеулік кондиция талаптарымен өткізсе құнына (салмағына) белгілі бір деңгейде (шектеулік кондиция деңгейінде) кеміту жасалып кабылданады. Бұл талаптар мемлекеттік жүйеде реттеліп отырылады.


Бақылау сұрақтары:

1. «Стандарт» және оның аныктамасы.


2. Стандарттың негізгі категориялары.
3. Кондиция жэне оныңтүрлері.
4. Дайындау кондициясының онім өткізудегі маңыздылығы.
5. Базистік кондиция талаптары.
6. Сапасы бойынша астық қабылдау орындарында қабылданбайтын астықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет