Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет11/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Жаһандық азаматтық – жаһандық қоғамдастық өміріне саналы түрде атсалысуды 
білдіретін, сондай-ақ кедейлік, аштық, экологиялық дағдарыстар және т. б. сияқты 
жаһандық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға үндейтін құндылық, яғни адам өзін 
әлемдік қоғамдастықтың бір бөлшегі ретінде қабылдап, әртүрлі елдер мен аймақтар-
дағы адамдардың өмірін жақсартуға ұмтылуға шақыратын құндылық. Сонымен қатар 
жаһандық азаматтық дегеніміз – мәдениет, тіл мен әдет-ғұрыптағы айырмашылықтарға 
құрметпен қарау және түрлі елдер мен халықтардың жер бетінде бір-бірімен қатар бей-
бітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүруіне тілекші болу.
5.4. Білім беру бағдарламасы шеңберінде білім теориялық тұжырымдамалар мен идеяларды, 
сондай-ақ белгілі бір тапсырмаларды орындау нәтижесінде жинақталған практикалық 
түсініктерді қамтиды. Білім беру бағдарламасында білімнің төрт түрі көрсетілген:
-
Пәндік білім дегеніміз – нақты бір ғылым саласына немесе пәнге қатысты білім. Оған 
белгілі бір салаға қатысты теориялық ұғымдар, түсініктер, фактілер мен зерттеу әдістері 
жатады. Пәндік білім қабылданған нормалар мен ережелерге сәйкес әлемнің белгілі бір 
аспектілерін түсінуге және талдауға көмектеседі.
-
Пәнаралық білім дегеніміз – белгілі бір мәселені шешу немесе тақырыпты зерттеу 
үшін әртүрлі пәндердің немесе білім салаларының элементтерін біріктіретін білім. Ол 
әртүрлі ғылымдардың және соларға қатысты зерттеу әдістерінің өзара қолданысы нәти-
жесінде туындайды және оны сан түрлі салаларда қолдануға болады. Пәнаралық білім 
жаңа идеялар мен тұжырымдамаларды ұсынуды, кешенді және дәйектелген шешімдер 
қабылдауда маңызды болуы мүмкін.
-
Эпистемологиялық білім дегеніміз – маман ретінде ойлап, әрекет ету. Бұл білім оқушы-
ларға оқудың өзектілігі мен мақсатын түсінуге, меңгерген білімін тереңдетуге мүмкін-
дік береді. Эпистемологиялық білім оқушыларға білім алып, оны өмірде пайдалануда, 
сондай-ақ ақпаратты талдау және бағалауда өзіне сенімді болуға көмектеседі, бұл өз 
кезегінде болашақта кәсіби қызмет жолында табысқа жетуге көмектеседі.
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет