Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет15/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Жүйелі ойлау дегеніміз – күрделі жүйелерді және олардың компоненттері арасындағы 
өзара әрекеттесуді талдау дағдысы, сонымен қатар бір элементтің басқаларға және бүкіл 
жүйеге әсерін түсіну. Бұл дағды жүйе контекстіндегі мәселелерді көре білуді және көп-
теген факторларды ескеретін және проблемаларды шешуде біртұтас көзқарасқа алып 
келетін шешімдерді табуды қамтиды.
– Әлеуметтік және эмоциялық дағдылар
-
Ынтымақтастық – ортақ мақсатқа жету немесе ортақ тапсырманы орындау үшін басқа 
адамдармен жұмыс істей алу қабілеті. Бұл дағды басқа адамдардың көзқарасын тыңдау 
және түсіну, келіссөздер жүргізу және мәмілеге келу, командада тиімді жұмыс істеу, 
тапсырмалар беру және ұжымдық шешім қабылдау процесіне қатысу қабілеттерін қамти-
ды.
-
Коммуникация – басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау қабілеті, соның ішінде 
өз ойың мен идеяларыңды білдіру, басқаларды тыңдай және түсіне білу, байланыс ор-
нату және сендіру. Бұл дағдыға ауызша және жазбаша сөйлеу, электрондық пошта және 


| 16
әлеуметтік желілер сияқты әртүрлі коммуникация арналарын пайдалану және әртүрлі 
жағдайлар мен мәдени контекстерге бейімделе алу қабілеті жатады.
-
Әлеуметтік жауапкершілік – қоғам өміріне саналы түрде қатысу және өз әрекеттерінің 
әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын ескере отырып, айналадағы 
адамдар мен табиғаттың саламаттығына қамқор болу қабілеті. Бұл дағдыға этикалық 
қағидаттарды ұстану, әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуге және қоғам мен қоршаған 
орта үшін жағымсыз салдарды жоюға бағытталған салмақты шешімдер қабылдау мен 
әрекет ету жатады.
-
Көшбасшылық – ортақ мақсатқа немесе нәтижеге қол жеткізу жолында жетекшілік 
ету және басқа адамдардың әрекеттеріне әсер ету қабілеті. Көшбасшылыққа команданы 
ынталандыру, басқару және үйлестіру қабілеті, жанжалдарды реттеу, мәселелерді шешу 
және шешім қабылдау дағдылары жатады. Көшбасшының бойында коммуникативтік 
дағдылар болу керек, ол келіссөздер жүргізе алуы, басқа адамдарды сендіріп, оларды 
шабыттандыра алуы, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға және өз дағдыларын жетілдіруге 
әрдайым дайын болуы тиіс.
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет