Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет12/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Процедуралық білім дегеніміз – белгілі бір әрекетті немесе процедураларды орындауға 
қатысты білім. Білімнің бұл түрі белгілі бір міндеттерді орындауға қажетті нақты қа-
дамдарды, үдерістерді, әдістер мен және стратегияларды қамтиды. Әдетте процедуралық 
білім тәжірибе нәтижесінде жинақталады, оны меңгеру және жетілдіру үшін тәжірибе 
мен қайталау қажет. Білімнің бұл түрі пәндік білімнің нақты өмірде қолданылуын жақсы 
түсінуге көмектеседі.
5.5. Білім беру бағдарламасындағы сауаттылықтың өзекті түрлері білім берудің тұтас мазмұнына 
кіріктірілген. Оларды қалыптастырған жағдайда, оқушыларда күнделікті өмірде әртүрлі 
пәндік салаларға қатысты міндеттерді қойып, оларды шешу және түсіндіру барысында 
талдау, пайымдау және ой түю қабілеттері дамиды. Білім беру бағдарламасы сауаттылықтың 
мынадай түрлерін қалыптастыруға бағытталған:
-
Функционалдық сауаттылық – адам қызметінің, қоғамдық және әлеуметтік қарым-қа-
тынастың әртүрлі салаларындағы міндеттердің кең ауқымын шешу мақсатында қазіргі 


| 14
қоғамда толыққанды жұмыс істеу үшін жинақтаған білім мен дағдыларды пайдалану 
қабілеті.
-
Қаржылық сауаттылық – өмірлік оқиғалар мен экономикалық жағдайлардың өзгерісін 
ескере отырып, жеке қаржылық әл-ауқатқа қол жеткізу үшін тиісті қысқа мерзімді шешім-
дер мен ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау арқылы жеке қаржыны басқаруда білім мен 
дағдыларды қолдану мүмкіндігі.
-
Кәсіпкерлік сауаттылық – білімді, мүмкіндіктер мен идеяларды пайдалану және оларды 
басқалар үшін құндылықтарға айналдыру қабілеті, мәдени, әлеуметтік немесе қаржылық 
құндылығы бар жобаларды жоспарлау және басқаруға бағытталған ынтымақтастық 
қабілеті.
-
Құқықтық сауаттылық – адамдар, әлеуметтік қауымдастықтар, ұйымдар арасындағы 
қатынастарды реттейтін өз құқықтарын, міндеттері мен құқықтық актілерін білу және 
пайдалану, жанжалды жағдайларды талдауда құқықтық білімді қолдана білу, әлеуметтік 
субъектілердің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру қабілеті.
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет