Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


– Танымдық және метатанымдық дағдылар



Pdf көрінісі
бет14/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Танымдық және метатанымдық дағдылар
-
Сыни ойлау – ақпаратты талдау, оның сапасын бағалау, түрлі көзқарастар тұрғысынан 
қарастыру және дәйекті шешім қабылдау қабілеті. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз ра-
ционалды және логикалық ойлау, аргументтер мен дәлелдерді талдау, ақпаратты сыни 
көзбен бағалап, түсіндіру қабілеті. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті оқушыларға мәселеге 


15 |
әртүрлі қырынан қарауға көмектеседі, өзін-өзі ұстау және өзін-өзі бағалау дағдысын 
дамытады, сонымен қатар қарым-қатынас жасау және ынтымақтаса жұмыс істей білу 
дағдыларын жетілдіреді.
-
Креативті ойлау – бұл дәстүрлі идеялардан ерекшеленетін және мәселелерді шешуге 
өзіндік көзқарасты білдіретін жаңа идеяларды, тұжырымдамаларды және мәселелерді 
шешуді қалыптастыру мүмкіндігі. Бұл дағды кез келген нәрсені тек бір қырынан ғана 
емес, басқа да қырларынан көруге мүмкіндік береді. Шығармашылық ойлау жаңалыққа 
құштар болуға, әртүрлі идеялар мен тұжырымдамаларды байланыстыра білуге, инно-
вациялар мен эксперименттерге дайын болуға мүмкіндік береді.
-
Мәселелерді шешу және шешім қабылдау – қиын жағдайды талдай білу, мәселелерді 
анықтау және оларды шешудің тиімді жолдарын табу, дәйекті шешімдер қабылдау, ықти-
мал салдарлар мен тәуекелдерді бағалау және қабылданған шешімдердің орындалуын 
бақылау.
-
Зерттеу дағдылары – сұрақтарды қою, деректерді жинау және талдау, нәтижелерді 
түсіндіру және қорытындыларды тұжырымдау дағдыларын қамтитын зерттеу жүргізуге 
қажетті дағдылар. Бұл дағдылар зерттеу саласына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. 
Олар әдетте болжамдар мен зерттеу сұрақтарын әзірлеу, деректерді жинау әдістерін 
анықтау, деректерді талдау және түсіндіру, зерттеу нәтижелерін қорытындылау және 
ұсыну дағдыларын қамтиды.
-
Үйренуді үйрену – өз білімін тереңдету және оқу мен жалпы өмірдегі жетістіктер дең-
гейін арттыру үшін әртүрлі оқыту стратегиялары мен әдістерін саналы және тиімді 
пайдалану мүмкіндігі. Бұл дағды оқу мақсаттарын анықтауды, қолайлы әдістер мен 
тәсілдерді таңдауды, алынған нәтижелер негізінде қол жеткен жетістікті бағалауды және 
пайдаланылған тәсілдерді түзетуге мүмкіндік береді; өз бетінше білім алып, дамуы үшін 
жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.
-
Өзін‑өзі реттеу – өз эмоцияларын, ойларын, жүріс-тұрысы мен әртүрлі жағдайларға 
қатысты реакцияларын басқара білу және еш кедергілерге қарамастан мақсатқа жетуге 
ұмтылу дағдысы. Бұл дағды уақыт, энергия мен зейінді басқаруды, өз эмоциялары мен 
стресті реттеуді, сондай-ақ өз әрекеттері үшін мойнына жауапкершілік алуды және қиын 
жағдайларда тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
-
Есептік ойлау – бұл есептеу құралдары мен технологиялар арқылы мәселелерді тал-
дау және шешу дағдысы. Бұл дағды программалаудың негізгі ұғымдарын түсінуді, де-
ректермен және алгоритмдермен жұмыс істеуді, есептерді шешу үшін компьютерлік 
қосымшаларды пайдалануды және технологиямен жұмыс істеу кезінде сыни тұрғыдан 
ойлауды қамтиды.
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет