Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Пәннің қысқа мерзімді жоспары



Pdf көрінісі
бет5/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Пәннің қысқа мерзімді жоспары – сабақ жоспары, онда оқыту мақсаты (мұғалімнің іс-әре-
кеттерін бағдарлайтын әдістемелік құрал), оқу мақсаттары (оқушылардың іс-әрекеттерін бағдар-
лайтын әдістемелік нұсқау), ресурстар мен оқу үдерісінің кезеңдері ашылады.
Бейіндік оқыту – оқушылардың қызығушылықтары, бейімі мен қабілеттерін ескеріп, оқыту 
мен оқу үдерісін саралау, жеке тұлғаға бейімдеу және ұйымдастыру үдерісі.
Білім беру ісі – оқу үдерісіне қатысатын субъектілердің мақсатты, педагогикалық тұрғыдан 
негізделген, жүйелі түрде өзара әрекеттесу үдерісі, оқу ісі барысында тұлғаны оқыту, дамыту 
және тәрбиелеу жұмыстары атқарылады.
Күтілетін оқу нәтижелері – оқушылардың даму көрсеткіштерін танытатын және жеке 
тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің алдан күтетін үмітін көрсететін ұзақ және орта мерзімді 
оқу мақсаттарының (оқыту және тәрбиелеу) көп деңгейлі жүйесі. Олар оқушылардың жалпы білім 
беру мақсаттарына жету жолындағы оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді.
Білім беру саласы – салалас оқу пәндерінің басын қосатын білім беру мазмұнының құрамдас 
бөлігі.
Үш тілді білім беру – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, әртүрлі салаларда оңай 
сұхбаттаса алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсініп, 
құрметтейтін көптілді тұлға – Қазақстан азаматын қалыптастыру көздейтін білім беру түрі.
Критериалды бағалау – әзірленген критерийлер мен дескрипторлар негізінде оқушылардың 
іс жүзінде қол жеткізген оқу нәтижелерін күтілетін оқу нәтижелерімен салыстыру үдерісі.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үрдерісі кезінде жүргізілетін бағалау түрі, ол мұғалім 
мен оқушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқуды дер кезінде түзетуге 
мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламаларының бөлімдері/ пәнаралық тақырыптары, белгілі 
бір оқу кезеңі (тоқсан, білім деңгейі) аяқталғаннан кейін жүргізілетін бағалау түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет