Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет6/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Инвариантты бөлік – үлгілік оқу жоспарының жүктеме түрі, ол пәндер бойынша оқу 
жүктемесін қамтиды және филиалдарда оқыту міндетті болып саналады.
Вариативтік бөлік – үлгілік оқу жоспарының жүктеме түрі, ол инвариантты компоненттен 
тыс қосымша оқу жүктемесін қамтиды және филиалдарда оқыту міндетті болып саналады. Оқу 
жүктемесінің вариативті бөлігі мектептік (элективтік курстар) және оқушылық (үйірме жұмыс-
тары) компоненттерден тұрады.
Мектеп компоненті – үлгілік оқу жоспарының вариативті компонентінің құрамдас бөлігі, 
ол міндетті мектеп курсының жүктемесін және Білім беру бағдарламасына сәйкес оқытатын 
филиалдардың элективтік курстары жүктемесін қамтиды.
Оқушы компоненті – үйірме жұмыстары жүктемесін қамтитын Үлгілік оқу жоспарының 
вариативтік компонентінің құрамдас бөлігі.
Міндетті мектеп курсы – ДББҰ-ның даму стратегиясын іске асыру мақсатында мектептер 
міндетті түрде ұсынатын, Білім беру бағдарламасын кеңейтетін оқу жоспарының вариативті 
бөлігінің құрамдас бөлігі. Жалпыға міндетті мектеп курсы шеңберінде міндетті оқу бағыттары, 
пәндері, сондай-ақ олардың мерзімі мен мазмұны ДББҰ Басқармасының шешімімен айқындалады. 
Әр сынып үшін бір міндетті мектеп курсы болуы мүмкін.


9 |
Элективтік курстар – оқушының таңдауына байланысты жүргізілетін міндетті курстар, 
білім беру бағдарламаларын оқушылардың қызығушылықтарына қарай жүзеге асыратын ұйым-
дас тыру формасы. Зияткерлік мектептердің даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған, оқу 
жоспарының вариативті мектеп компонентінің құрамдас бөлігі.
Инварианттық компонентте теңестірілген элективті курстар – халықаралық емтихандар-
ды (IELTS, SAT, NUFYP, HSK, TOPIC, DSD) тапсыруға дайындық; бейіндік пәндерден (математика, 
физика, химия, биология, география, информатика) олимпиадаларға дайындық; нанотехнология, 
биотехнология, инженерия, робот техникасы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және 
екінші шет тілі бойынша курстарды қамтитын мектеп компонентінің құрамдас бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет