Білім беру бағдарламасы nis-programme «Математика»



бет10/51
Дата24.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#455714
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
8-synyp-oku-zhospary-matematika-nd2b1sd29ba-2-iyun-2017 (1)

М











  • Т

  • Топтық жұмыста қиындық туындаған жағдайда, оқушыларды көпбұрыштың диагоналдары арқылы бұрыштарының қосындысы белгілі үшбұрыштарға бөлуге болатыны туралы түсінікке әкеліңіз.

  • Ө

    • Геометрия. 7—9 классы : учеб. для общеобразоват. учреждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев

    • и др.]. — 20-е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с. ISBN 978-5-09-023915-8, 138-139 бет


    • Геометрия: задачи на готовых чертежах для подготовки к ГИА и ЕГЭ: 7 – 9 классы/ Э.Н.Балаян. – Изд. –е, исправл. и дополн. – Ростов и/Д: Феникс, 2013. – 223с. – (Большая перемена).


    • 8.3.1.3

    • параллелограммның анықтамасын біледі, параллелограммның белгілерін қорытып шығарады және қолданады;


    • Параллелограмның белгілерін қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін «Детективтік агенттігі» дидактикалық ойынын, «Параллелограмм ізделінеді» операциясын ұйымдастырыңыз.

    • Оқушылар бірнеше топқа біріктіріледі, «айғақтар тізімін» алады (төртбұрыш түрлерінің анықтамалары мен параллелограмм белгілерін қолдану есептерінің ресурстары).

    • Мысалы:

    • 1. Диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінетін төртбұрыш.

    • 2. Екі қабырғасы тең және параллель төртбұрыш.

    • 3. Қарама - қарсы қабырғалары тең болатын төртбұрыш.

    • 4. Әрбір көршілес екі қабырғаларының сыртқы бұрыштарының қосындысы тең және 1800тең.

    • Әрбір «іздеушілер» тобы өз шешімдерін постерге жазады, жұмыс аяқталған соң өздерінің «зерттеулерін» басқа оқушыларға көрсетеді.

    • Т


    • Геометрия. 7—9 классы : учеб. для общеобразоват. учреждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев

    • и др.]. — 20-е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с. ISBN 978-5-09-023915-8, 138-139 бет


    • http://interneturok.ru/ru/school/geometry/8-klass/chyotyrehugolniki/parallelogramm


    • 8.3.1.4

    • параллелограммның қасиеттерін қорытып шығарады және қолданады;


    • Оқушыларды бірнеше топтарға біріктіріңіз, оларға тапсырма ретінде параллелограмның қасиеттерін дәлелдеуді (шығаруды) ұсыныңыз. Олар бұл қасиеттің тұжырымдамасын берулері керек, дәлелдеуін көрсетіп, оның қолданылуының мысалын келтіру керек.

    • «1. Параллелограмның диагоналдарының қиылысу нүктесінде қақ бөлінетінін дәлелдеңіз.

    • 2. Параллелограмның қарама - қарсы бұрыштары тең болатынын дәлелдеңіз.

    • 3. Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 180о-қа тең екенін дәлелдеңіз және т.с.»

    • Әрбір топ бір есептен шығарып көрсетеді. Содан соң мұғалімнің белгісі бойынша бір топтың оқушылары басқа топтармен бірігеді және берілген қасиетті (тұжырымдамасын, қорытындысын және қолдануын мысалмен) оқушыларға көрсетеді (түсіндіреді, шығарады), содан соң бастапқы топтарына келеді. Бұл әрекет барлық топтарда қайталанады.


    • Бастапқы кезеңді бекіту үшін дайын сызбалар бойынша есептерді пайдалануға болады.

    • Т

    • Геометрия. 7—9 классы : учеб. для общеобразоват. учреждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев

    • и др.]. — 20-е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с. ISBN 978-5-09-023915-8, 138-139 бет


    • Геометрия: задачи на готовых чертежах для подготовки к ГИА и ЕГЭ: 7 – 9 классы/ Э.Н.Балаян. – Изд. –е, исправл. и дополн. – Ростов и/Д: Феникс, 2013. – 223с. – (Большая перемена).


    • http://school.xvatit.com/index.php?title=%D0%9F%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%BC._%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%BA%D0%B8

    • Оқушыларды «Ромб», «Тіктөртбұрыш», «Квадрат» топтарына біріктіріп, әрбір топқа оқушылары өздерінің топтарының атауындағы фигураның анықтамасын тұжырымдауды ұсыныңыз. олардың белгілерін және қасиеттерін сипаттайды. Ромб, тіктөртбұрыш, шаршы - параллелограммның дербес түрлері екендігі туралы қорытынды жасаңыз.


    • Оқушыларды топтарға біріктіріп, бір топқа тіктөртбұрыштың белгілерін, ал басқасына тіктөртбұрыштың қасиетін қорытып шығаруды ұсыныңыз. Топтардың жұмысын талдаңыз. Егер тіктөртбұрыш параллелограммның дербес түрі болса, онда тіктөртбұрыш параллелограммның барлық қасиеттерін иемденеді. Кейін бір топқа диоганальдарының теңдігі бойынша тіктөртбұрыштың белгілерін, ал басқа топқа сәйкес қасиетін дәлелдеуді ұсыныңыз. Кейін әр топ мүшелерінен жұп құрастырып, өзара оқыту үдерісін ұсыныңыз.


    • Геометрия. 7—9 классы : учеб. для общеобразоват. учреждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев

    • и др.]. — 20–е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с. ISBN 978–5–09–023915–8

    • 8.3.1.6

    • ромбтың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады;

    • Оқушыларды топтарға біріктіріп, бір топқа ромбтың белгілерін, ал басқа топқа ромбтың қасиеттерін қорытып шығаруды ұсыныңыз. Егер ромб параллелограммның дербес түрі болса, онда тіктөртбұрыш параллелограммның барлық қасиеттерін иемденетіндігіне назар аудартыңыз. Кейін бір топқа ромбтың белгілерін, ал басқа топқа ромбтың қасиеттерін дәлелдеуді ұсыныңыз. Кейін әр топ мүшелерінен жұп құрастырып, өзара оқыту үдерісін жалғастырыңыз.

    • Есептер шығару дағдысын қалыптастыру үшін оқушыларға «Автобус аялдамасы» жұптық дидактикалық ойынын ұсыныңыз. Ол үшін сыныптағы парталарды қала үлгісінде орналастырыңыз. Әрбір партаға аялдама атын қойыңыз. Мысалы: «Ромбының бұрыштары», «Тіктөртбұрыштың диагональдары», «Ромбының диагональдары», «Квадраттың қабырғалары», «Периметр» т.с.с. Әрбір аялдаманың атына сәйкес есептер дайындаңыз. Мысалы: «Ромбының бұрыштары» аялдамасына есеп: «Егер ромбының бір диагоналы оның қабырғасымен 200 бұрыш жасаса, онда ромбының бұрыштарын табыңыз». Сабақ басында оқушылар өздерінің қозғалыс бағытын (маршрут) таңдайды, өздерінің қозғалыс бағыты бойынша аялдамадан аялдамаға келген кезде сәйкес тапсырманы орындайды, шешімін «жауаптар парағына» жазады. Қозғалыс аяқталған соң оқушылар «жауаптар бетшесін» бағалау үшін мұғалімге (немесе бақылаушыға) тапсырады. Егерде ойын жарыс түрінде болса, онда қай топта ұпай көп болса, сол топ жеңеді. Ұпайлар дұрыс шешімдерге (дұрыс шешім – 1 ұпай) және шапшаң орындағандығына (бірінші келгендерге – 10 ұпай, екінші келгендерге – 8 ұпай, үшіншілерге – 6 ұпай т.с.с) беріледі.



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет