|
Ө
Теңдеулерді шешу барысында теңдеу түбірлерінің мүмкін мәндер жиынына тиістілігіне оқушылардың назарын аударыңыз.
|
https://www.youtube.com/watch?v=hQWlWH1AYGM
http://interneturok.ru/ru/school/algebra/8-klass/kvadratnye-uravneniya-prodolzhenie/algoritm-resheniya-ratsionalnyh-uravneniy
|
8.5.2.2
бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептерді шешеді;
|
Бөлшек-рационал теңдеулер құру есептерін шығару дағдыларын жетілдіру үшін «Карусель» (құрамы өзгеріп тұратын топтарда жұмыс істеу) техникасын қолданып көріңіз. Оқушылар 4 адамнан тұратын топтарға бірігіп, төрт түрлі (қозғалысқа берілген, жұмысқа берілген және т.б. есептер) тапсырмасы бар үлестірмелер алады. Әрбір оқушы кез келген бір тапсырманы таңдап, оның толық шешімін рәсімдеуі керек. Егер оқушы өз есебінің шешімінің немесе рәсімделуінің дұрыстығына күмән келтірсе, осы есепті таңдаған басқа оқушылармен бірігіп топ құрайды. Есепті толық шешкен соң, бастапқы өз тобы оқушыларына өз есептерінің шешімдерін түсіндіреді.
|
Т
Кестені немесе ауызша сипаттауды пайдаланып, математикалық модель құрастыру кезеңіне назар аударыңыз.
|
https://www.youtube.com/watch?v=LtCh4ge5ewc
|
|
8.2.2.5
түріндегі теңдеулерді шешеді;
|
Оқушыларға түріндегі теңдеулерді модульдің анықтамасы және модулі бар қарапайым теңдеулерді шешу алгоритмі бойынша шешіп көрсетіңіз. Сонымен қатар, түріндегі теңдеуді де айнымалыны алмастыру немесе модульдің анықтамасы бойынша шешуді көрсетіңіз.
Осындай теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру үшін оқушыларға «Тапсырмалар қобдишасы» дидактикалық ойынын ұсыныңыз. Әрбір оқушы «қобдишадан» теңдеуі бар үлестірмені алып, оны алдында меңгерген алгоритмге сүйеніп шешеді.
| |