Синус, косинус, тангенс және котангенстің анықтамалары. Пифагор
теоремасы.
Бір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі арасындағы байланыстар.
|
8.3.3.1
тікбұрышты үшбұрыштың кабырғаларының қатынастары арқылы бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын біледі;
|
Берілген материалды меңгертуді bilimland.kz сайтының ресурстарын қолданудан бастауға болады. Бұл ресурстағы видеоматериалды бүкіл сыныппен, сол сияқты әрбір оқушы өз бетімен жеке көруге болады.
«Үшбұрыш» бөлімінде оқушыларға келесі интерактивті тапсырмаларды орындату арқылы тікбұрышты үшбұрыштың және оның элементтері анықтамаларын қайталатуға болады.
Көрсетілген тікбұрышты үшбұрыштардан қажет қабырғаны белгілеңіз
| |
α бұрышына іргелес жатқан катет
|
Содан кейін оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі анықтамасымен өздігінен таныса алады және ЦБР-дан келесі тапсырмаларды орындайды:
Бос ұяшықтарды толтырыңыз.
|
Ө
Ұ
Өз бетімен оқып-үйренуден кейін меңгерілген материалды бірлесіп талқылау қажет.
|
Геометрия 8. Шыныбеков Ә.Н.Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық. 2- басылымы. – Алматы: Атамұра, 2011. – 128 бет. ISBN 978-601-282-320-2
http://bilimland.kz/ru
http://interneturok.ru/ru/school/geometry/8-klass/podobnye-treugolniki/sinus-kosinus-i-tangens-ostrogo-ugla-pryamougolnogo-treugolnika
|
8.3.3.2
Пифагор теоремасын дәлелдейді және қолданады;
|
Сынып оқушыларын 3 адамнан тұратын топтарға біріктіріп, тапсырма беріңіз: «Пифагор теоремасының мүмкін дәлелдемелерінің бірін табыңыз, рәсімдеңіз және сыныптастарыңызға көрсетіңіз». Дәлелдеуді рәсімдеп көрсету үшін таныстырылымды, флипчартты, макетті және т.б. қолдануды ұсыныңыз.
Тақырыпты алғашқы бекітуде дайын сызба бойынша есептерді шығаруды қолданыңыз.
Білімді бекіту немесе бағалау кезеңдерінде өзара тексеру орындалатын жұптық жұмыс ұйымдастыруға болады. Жұптық жұмыстың тапсырмаларын құрастыруда оқулық материалдарын қолданыңыз.
|
Т
Берілген тапсырманы сабақта, сол сияқты соңынан қалай орындалғанын сабақ үстінде көрсететіндей етіп, үй тапсырмасы ретінде де беруге болады.
|