Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В03101-Психология Пән циклы атауы және коды



бет4/35
Дата26.01.2022
өлшемі211.18 Kb.
#454831
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
КОНЕЦ СИЛЛАБУС УЙЫМ

Бекіту сұрақтары

1. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалау әдісі?

А)байқау

В)әңгіме


С) эксперимент

Д)тест


Е)сауалнама

2.Психологияның қай саласы адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді?

А)балалар психологиясы

В)педагогикалық психология

С) инженерлік психология

Д)салыстырмалы психология

Е)даму психологиясы

3.Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік беретін әдіс?

А)тест

В)социометрия



С) әңгіме

Д) анкета

Е)интервью

Әдебиет:


  1. Тогайбаева, А. К. Психологиялық жаттығулар жинағы : к изучению дисциплины / А. К. Тогайбаева, Д. Ж. Рамазанова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2015. - 162 бет.

  2. Елшібаева, К. Ғ.Психологиялық кеңес жүргізудегі отбасылық социограмма [Текст] : к изучению дисциплины / К. Ғ. Елшібаева. - Алматы : Отан, 2016. - 165 бет. -

  3. Романин, А. Н. Практическая психология и психотерапия [Текст] : учебник / А.Н. Романин. - М. : КноРус, 2011. - 680 с


2. Дәріс: Психологиялық қызметтің қазіргі кездегі жағдайы мен маңыздылығы

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:



  1. Психологиялық қызметтің қазіргі кездегі жағдайы .

  2. Психологиялық қызметтің түрлері

Дәріс тезисі

Психологиялық қызмет деген ұғым – осы заманғы жантану ғылымының алға қойған зәру мәселелердің бірі.

АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Югославия, Франция сияқты кейбір елдердің білім жүйесінде практикалық психология басты орынды иеленсе, Қазақстанда енді ғана аяқ басып келеді және әлі де болса психологиялық зерттеулердің нақты жүргізілуін қажетсінеді. Елімізде соңғы жылдары білім саласында психологиялық орталықтардың аяғынан қаз тұрып қызмет көрсете бастауы аз да болса көңілге демеу болғандай. Елімізде психологиялық қызметті ұйымдастыру білім беру жүйесінде де жақсы жолға қойылып келеді. оған дәлел – жекелеген балалар мекемелерінде психолог штатының ашылуы, аудандық, қалалық, облыстық білім басқармаларында психологиялық кеңестің ұйымдастырылуы, жоғары оқу орындарының психология кафедраларында психологиялық ағарту жұмыстарының жандандырылуы.

Дегенмен көңіл алаңдатар мәселелер де жетерлік. Олар: мектепте психологиялық қызмет көрсету жөнінде құқықтық құжаттардың заңдастырылмауы мен бекітілмеуі, яғни әлі де жоба күйінде қалуы, психологтың негізгі қызметіне жете мән берілмеу, жұмыс кабинетінің болмауы, қазақ тілінде әдістемелік құралдардың жетіспеуі т.б. Қазіргі білім жүйесін қайта құру мен оны ұйымдастырудың басты жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерде қолдана білу, нақтырақ айтсақ «әлемдік бәсекелестіктің күрделі және ауыр процесінде табыстарға жету үшін халқымызға тән күшті рухын, денсаулығы мен білімін әлемге көрсетуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру» мәселесі бірінші орынға қойылған. Мектептегі мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушіліктен туатын «мектептік мазасыздану», кейбір отбасында жиі болып тұратын ұрыс-керіс, жанжалдар баланың психикалық саулығына жағымсыз жағынан әсерін тигізеді. Мектеп оқушыларының көпшілігін мектептен тыс өмір қызықтырады, олардың кейбірі өз орнын жағымсыз компаниялардан табады. Қазіргі кезеңде мектептерде көптеген негативті көріністердің байқалуы оқушылардың сабақ үлгерімі мен тәртіп деңгейінің төмендеуі, мектептегі әлеуметтік-психологиялық климаттың дұрыс болмауы, жеткіншектер мен жастардың қоғамда жат мінездерді жиі көрсетуі, құқық бұзуға бейім тұру жас мемлекетіміздің аяғынан нық басуына ықпалын тигізбей өтуі мүмкін емес.

Психология ғылымының тәжірибелік саласы жас болғандықтан, осы бағытта жұмыс жасайтын қызметкерлердің ден әлі де жеткілікті түрде тәжірибе жинақтап үлгермеген жас мамандар мен бұрынғы пән мұғалімдері. Мамандық мәртебесі кәсіптік шеберлікке байланысты қалыптасады. Алайда кәсіптік іскерлікті шыңдайтын түрлі ақпарат көздерін мемлекеттік тілде тасымаладау ісінің қиындығына орай жас мамандардың бойындағы ынта-ықыласы басылып қалады. Оқу-тәрбие мекемелеріндегі педагог-психологтар мектепте психологиялық қызметтің жұмысын қалай ұйымдастыру, жұмыс жоспарын құру т.б. қажетті құжаттарды жүргізіп, оларды қолдану барысында қиындықтарды жиі кездестіруде.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуында оқу мен тәрбие процесінің психологиялық білімдері жеткіліксіз болғандықтан бүгінгі таңда бұл мақсатты іске асыру мектептер үшін қиынға түсуде.

Психологпен бірге білімнің барлық құрылымына көмек көрсетудің ізгілік формасы келеді. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесіне қолдану мен психологиялық көмек көрсету жоғары кәсіби дайындықты, білімділікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың және білім жүйесінде ақпараттар ағымының қарқынды дамуы мен бәсекелестіктің артуына психолог мамандарының белсенділігі мен біліктілігі, білімі арасындағы сәйкестіктің болу заман талабы деп түсіну керек.

Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттары күрделі мәселе болып саналады. Психологиялық қызметтің іске асырылу сипаттары түрліше мазмұнда және әр қилы формада болуы мүмкін. Бұл мәселенің гносеологиялық негізі жеке адамның, дара тұлғаның жан-дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-мүдделерін көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет