Білім беру бағдарламасының (ларының) білім алушыларына арналған gpzja 6308Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет37/82
Дата18.11.2023
өлшемі2.5 Mb.
#483594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
umkd

 
 
4-практикалық сабақ. «Педагогика әдіснамасының мәні
құрылымы және қызметтері».
Бүгінгі күнде қай ғылым саласы болсын өзінің зерттеу нысаны мен субъектісін 
жаңаша ойлаумен байланыстырады. 
Бұл ғылымдардың әдіснамалық негізін білуді және қазіргі дүниежүзілік ғылыми 
танымның құралдары мен амалдарын жетілдіруді талап етеді. 
Қазақстан Республикасы дүнижүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі ретінде 
демократиялық, құқықты мемлекетті құруға бел байлаған кезеңде ғылымды теориялық 
жағынан негіздеу қажеттілігі мейлінше арта түседі. Әсіресе қоғамдық ғылымдардың, 
сонымен қатар педагогика ғылымының әдіснамалық және әлеуметтік мәнән арттыру, 
жеке адамның тұлға ретінде қалыптасуы міндеттерін болжап білу мейлінше айқын 
қойылуы тиіс. 
Ғылымның жедел дамуы, шындық дүниенің нақты бір мәселесін зерттеу, оның 
әдіснамасын талдаумен байланыста. 
Педагогика ғылымының әдіснамасы біріншіден, жалпы әдіснама ғылымынан 
туындайды; екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму үрдісін оқып-үйренумен және 
зерттеумен байланысты болады; үшіншіден, педагогикалық құбылыстардың 
жағдайлары туралы теориялық ұстанымдар мен оларды зерттеу әдістері 
қарастырылады; төртіншіден, жаңадан алынған білімдерді тәрбие, оқыту білім беру 
ісіне енгізумен анықталады. 


Соңғы жылдары жалпы ғылымның әдіснамасымен бірге, әсіресе, педагогика 
ғылымының әдіснамасына көбірек назар аударылып келеді. Себебі тәрбие мен білім 
беру мәселесін шешу қоғамның сапалық жаңа деңгейге көтерілуінің кепілі 
болатындығын өркениетті елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. 
Бұл жағдайда зерттеудің тақырыбын, мазмұнын, идеясын, пәнін, т.б. ғылыми 
аппаратын бірлікте, тұтастықта шешу үшін анық әрі дәл әдіснамалық негіз өте қажет. 
Сонымен қазіргі кезде көптеген әлемдік мәселелерді шешуге педагогика ғылымының 
да айтарлықтай үлесі бар. Солардың ішінде педагогиканың әдіснамалық мәселесін, 
педагогиканың әдіснамалық проблемасын, педагогиканың ғылым ретіндегі пәнін 
айқындау - басты мәселе. Қоғамдық өмірдің барлық саласындағы саяси, әлеуметтік 
экономикалық, рухаи ағартуда, т.б. жүріп жатқан іргелі жаңарулар, сайып келгенде, 
адам мәселесіне келіп тіреледі. 
Ғылыми дәстүрдің сабақтастығы педагогика ғылымының түрлі салаларының 
өзара кірігуін жаңа дәрежеге көтереді, ол үшін теориялық тұжырымдамалар жасауда 
әдіснамалық мәселені қарастыру талап етіледі. 
Алғаш әдіснама грек сөзінен алынған, әдіс туралы ғылыми немесе әдіс теориясы 
деген мағынаны білдіреді. Ал философиялық энциклопедияда: «Әдіснама – дүниені 
философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Жеке ғылымдарға әдіснамалық тірек – 
диалектикалық материализм» деген тұжырым жасалған. 
Әдіснама ғылыми танымның тұғырлары және әдістерінің теориялық 
мәселелерімен шұғылданады және ғылыми зерттеулердың заңдылықтарын 
шығармашылық үдеріс ретінде қарастырады, ғылыми таным іс-әрекетінің мәнін ашады. 
Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттейді. Ол 
педагогикалық теория тұрғысынан негізгі білімдер мен құрылымдарды бір жүйеге 
келтіреді. Сонымен әдіснама – теориялық жүйе туралы ғылыми ілім. Әр ғылым өз 
ішіндегі әдіснамалық мәселелерін талдайды, негізгі қағиданы құрайтын ғылыми 
танымның жалпы ортақ әдіснамасы алынады. 
Сонымен, диалектиканың барлық заңдары біріге отырып, нақты әржақты 
құбылыстардың және үдерістердің даму үрдісін және байланысын, ең негізгісін, бәріне 
ортақ мәнін көрсетеді. Нақтылы жағдайда табиғат заңдылығын және қоғамдық өмірдің 
мәнін терең және дұрыс тануды, олардың әр түрлі факторларға ықпалын зерттеу, даму 
бағытын түсіну, соның негізінде жобалау, болжам жасау және қойылған міндеттерді 
тиімді шешуге, практикалық әрекет жасауға негіз болады.
 
Педагогика әдіснамасы – педагогика теориясы, педагогикалық құбылыстарды қарау 
принциптері, зерттеу әдістері туралы білім жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту, білім 
беру тәжірибесіне енгізу жолдары. Әдіснаманың теориялық жағы негізгі педагогикалық 
заңдылықтардың анықталуымен байланысты, ғылыми ізденудің бастапқы алғышарты 
ретінде, дүниетану қызметіне еніп, педагогикалық зерттеудің қандай философиялық, 
биологиялық, психологиялық идеялардан құрылғанын анықтап, алынған нәтижені дәлелдеп 
және қорытынды шығарады. 
Педагогиканың әдіснамасы оның негізін, базалық сипатын анықтайды. Әдістеме 
негізінде әлеуметтік педагогиканың тұтастай және оның құрылымдық құрамдас бөліктерінің 
ғылыми бағытының мәні анықталады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік педагогиканың 
теориясы мен практикасының өзекті проблемаларын зерттейді. 
Педагогиканың әдіснамасын түсіну үшін мына мәселелерді қарастыру қажет: 
- әдіснама және әлеуметтік педагогиканың әдіснамасы ұғымдары; 
- әлеуметтік педагогика әдіснамасы негіздері; 
- субъект ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық болмыстың сапасын 
бағалау және таным әдіснамасы негіздері. 
Педагогика әдіснамасының мәні туралы түрлі көзқарастар бар. Кейбір зерттеушілер 
әдіснамасыны: теориялық қызметтің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен 
құралдары туралы; басқалары, - таным әдістерін қалыптастыру қағидалары мен рәсімдері 
және шындықты тану және қайта құру әдістерін қолдану туралы; үшіншісі – күрделі 
практикалық мәселелерді шешудің неғұрлым жалпы қағидаларының жиынтығы туралы; 


төртіншісі – теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың қағидалары 
мен тәсілдері жүйесі туралы, сондай-ақ, осы жүйе туралы; бесіншісі – ғылыми-педагогикалық 
зерттеулердің бастапқы (негізгі) ерекшелігі, құрылымы, қызметі мен әдістері туралы ілім деп 
санайды. 
«Әдіснама» терминінің мағынасы: 
- танымның ғылыми әдісі туралы ілім; 
- қандай ғылым болса да қолданылатын танымдық құралдар, әдістер мен тәсілдердің 
жиынтығы; 
- танымдық және қайта құрушы қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен 
қағидаларын зерттеуші құралдар, білім саласы болып түсініледі. 
Тізбеде көрсетілгендей, әдіснама жөнінде бірыңғай көзқарас пен түсінік қалыптаспаған. 
Алайда, зерттеушілер, ең бастысы, әдіснама – нақтылы шындықты тану мен қайта құрудың 
базалық негізі деп біледі. 
Іргелі зерттеулердің мақсаты педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, 
педагогикалық ақиқаттың терең де, тасада жатқан құпияларын, негіздерін табу, 
оған, ғылыми түсінік беру болып табылады. Осындай зерттеулердің нәтижесінде 
оқыту мен тәрбие теориясы, әдістер мен ұйымдастыру нысандарының теориясы 
және т.с.с. құрылады. 
Іргелі зерттеулердің нәтижелері практикамен тікелей байланысты 
мәселелерді шешетін қолданбалы зерттеулер үшін теориялық негіздемелер 
құрады. Көбіне олар іргелі зерттеулермен бір кешенде жүргізіледі және олардың 
нәтижелері іргелі еңбектерде олардың қолданбалы бөлігі ретінде беріледі. 
Қолданбалы зерттеулер практиканың нақты кемшіліктерін жоюға бағытталған. 
Әрине, мұндай зерттеулердің мәні іргелі зерттеулерден кем болмайды. 
Іргелі зерттеулер әдетте абстрактылы сипатқа ие гепотетикалық теориялық 
схема құрудан басталады. Жекеленген теориялық ережелер тәжірибе арқылы 
тексеріледі. Осы негізде зерттеу объектісінің мәні туралы, ондағы қарым-
қатынастар туралы теориялық түсінік алынады. 
Бірақ та зерттеудің түпкі мақсаты-нақты білім алу. Келесі кезең- бастапқы 
абстракцияны шынайы өмірге аудару және мәнмен мағынаның осы шынайы 
өмірден мән мен мағынаның нақты көрінісін аңғару. Бұл мәннен мазмұннан 
құбылысқа, абстрактылықтан нақтылыққа барар жол. Мысалы, “сабақ беру”, 
“оқыту” деген абстрактылы ұғымдарды бірдей ала отырып, біз педагогикалық 
шындықтағы оқу мен оқыту арасындағы қатынастардың өмір сүруінің нақты 
нысандарын тауып, сол арқылы нақты білім аламыз. 
Қолданбалы зерттеулердің барысы бұдан өзгеше болады. Қолданбалы 
зерттеудің іргелі зерттеуден айырмашылығы сол, мұнда теориялық негіздемелер 
зерттеушіге беріліп қойылған. Ол зерттеушіні қолда бар теориялар арқылы 
педагогикалық практикадағы жоюға тиісті кемшіліктерді (мысалы, белгілі бір 
мақсаттарды орындау үшін оқытудың қолда әдістерінің тиімділігінің 
жеткіліксіздігі) табуға және сипаттауға еліктіреді. Бұл зерттеудің басы. Бұдан 
кейін байқалған кемшіліктерді қалай жою керектігі жөнінде түсінік қалыптасады. 
Осы түсініктің қандай теориялық дәрежеде екендігіне байланысты оның 
жекеленген элементтерін тексеруге бағытталған эксперимент, екінші жағынан 
тәжірибе жұмысы арасында айырмашылықтар болуы мүмкін, оны зерттеу 
жұмысының барысында ескеру қажет. 
Ғылыми педагогикалық зерттеулер тәжірибелік эксперименттік және 
теориялық сипатта болуы мүмкін. 
Тәжірибе жұмысы ғылыми ұсынымдарды пайдаланудың неғұрлым тиімді 
жағдайларын табуға бағытталған. Ғылыми-педагогикалық эксперимент өмірлік, 
тәрбиелік қарама-қайшылықтарды, қалыптасқан проблемаларды шешуге қатысты 
ғылыми ұғымдар мен болжамдарды тексеруден тұрады. 


Педагогикада теориялық зерттеулер мен оның әдістері ерекше орын алады. 
Теориялық зерттеулердің мәні белгілі бір дүниетаным тұрғысынан алып 
қарағанда, эмпирикалық және қорытылған материалды жүйеге келтіруде, 
талдауда және бағалауда болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет