Зерттеудiң негiзгi кезеңдерi.
Ғылыми-зерттеу жұмысы өте күрделi,
әр жағдайда өз қисынымен, әдiсiмен,
ұйымдастырылуымен ерекшеленедi.
1. Зерттеудiң нақты мiндеттерiн анықтау.
Ол үшiн негiзгi
ғылыми әдебиеттердi оқып, оның зерттелу жәйiн анықтау шарт. Зерттеудiң
теориялық, практикалық жақтары жан-жақты ескерiлуi тиiс.
2. Бар материалдарды жинау және оларды есепке алу. Олар:
а) проблеманың тарихы мен теориялық жағдайын сипаттайтын әдебиеттерді талдау;
ә) мектеп және мұғалiм тәжiрибесiн ескеру;
б) педагогикалық нормативті құжаттармен танысу,
оны ескеру;
в) оқушылардың шығармашылық және оқу-тәрбие iстерiн талдап қорыту;
д) тәжiрибелiк жұмыс пен педагогикалық экспериментті жүзнгн асыру.
Осы жұмыстардың барлығы педагогикалық процестiң бiр-бiрiмен байланысын және
оқушылардың даму заңдылықтарын анықтауға көмектеседi.
Барлық материалдарды жинақтап,
оларды есепке алып, талдап, қорытындылау.
6.
Фактiлерден идеяларға қадам жасау.
7.
Фактiлер дәлелдi және шынайы болулары тиiс. Фактiлер теорияға негiз болу үшiн
ғылыми танымдық жағынан ескерiлу қажет.
8.
Эксперименттiк тексеру және ұжымдық талқылау жүргізу.
9.
Ғылыми нәтижелердi реттеп, жүйелеу, жазу. Зерттеу нәтижесi түйiн мен қорытындыда
берiледi. Зерттеудiң түйiнi, теорияны байытатын ең маңызды нәрсе. Оны нақты,
негiзделген түрде жазу қажет.
10. Ғылыми-зерттеуді
практикаға ендiру, ол екi түрлi болады: тiкелей нұсқау арқылы және
ғылыми эксперимент арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: