мен оның шешімін табу жолдары көрсетіледі…
Онан кейін, оны зерттеу әдістері
айқындалады: ол қажетті фактілер мен көп жағдайда эксперименттік материалдарды
жинақтап, тексеруді, оны талдауды қажет етеді. Болжам - ол зерттеу
кезеңіндегі белгілі бір
зерттеу мәселесін ғылыми пайымдау. Болжам мәселені шешудің жобасын көрсетеді.
Ондағы теориялық қағидалардан, белгілі мәселені шешу тәсілі көрінеді. Болжам зерттеу
барысында зерттеудің бағытын анықтаумен бірге, өзі де толығып дамиды”.
Мысалы, “Тәрбие жүйесін моделдеудегі педагогиалық жағдайлар”
атты ғылыми-
зерттеу тақырыбын қарастырайық. Тәрбие жүйесін зерттеген ғалымдардың еңбектері
талданғаннан кейін, осы мәселенің теория мен практикада толықтай шешім таппауының
салдарынан, гуманистік тәрбие жүйелерін жүзеге асырудың тиімді шарттарын қамтамасыз
ету қажеттігі туындайды.
Сонымен, тәрбие жүйесін моделдеу процесі - құбылыс
және қазіргі кезеңдегі
педагогикалық практиканың қажеттілігі ретінде қарастырылғанымен, оның теориялық
негіздері мен тәрбие жүйесін моделдеу технологиялары арасындағы қайшылық және оның
педагогика теориясында
жеткілікті зерттелмеуі, нақтырақ айтқанда, оны құрудың
педагогикалық шарттарының бірлігін және әр түрлі білім ұйымдарында гуманистік тәрбие
жүйелерін тиімді жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу тақырыбын анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: