Осыған
орай зерттеушілер отбасындағы, мектептегі педагогикалық процесті
ұйымдастырудың тиімді жолдарын терең зерттеуге міндетті.
Педагогикалық
теорияны іс-тәжірибемен ұштастыру негізінде жүргізілетін
зерттеулерде эксперименттің алатын орны ерекше.
Олай болса, зерттеуші педагогикалық
эксперименттің мақсаты мен мәнін ұғыну арқылы ақиқатты нәтижеге жетуі мүмкін. Осы
бағытта дайындалған баяндама педагогикалық эксперимент
ұйымдастырушыларына өз
септігін тигізеді деп ойлаймын.
Алтыншы кезең – зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау, безендірумен ерекшеленеді.
Жетінші кезең – практикалық ұсыныстар жасау.
Мысалы диссертациялық ғылыми
зерттеуді қарастыратын болсақ, диссертациялық
зерттеудің қамтитын мәселелері мыналар:
1.
Зерттудің көкейкестілігі
2.
Зерттеудің мақсаты
3.
Зерттеу
нысаны
4.
Зерттеу пәні
5.
Зерттеудің ғылыми болжамы
6.
Зерттеудің міндеттері
7.
Зерттеу көздері
8.
Зерттеу
әдістері
9.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы
10. Зертеудің практикалық мәні
11. Қорғауға ұсынылатын қағидалар
12. Алынған нәтижелердің шынайылығы
13. Диссертациялық жұмыстың құрылымы
14.
Қорытынды
1. Зерттеудің көкейкестілігі.
Жұмыстың көкейкестілігін анықтауда қорғалып отырған тақырыптың қазіргі таңдағы
зерттелу деңгейіне баға беріліп, аталмыш тақырыптың зерттелу қажеттілігі негізделеді.
Жұмыстың көкейкестілігі әлемдік және отандық ғылымның дамуындағы қажеттілікті ескере
отырып, қазіргі заманғы жетістіктер тұрғысынан бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: