зерттеушінің
эрудициясын, оның дербес талдау, жүйелеу, жіктеу және ғылыми
ақпаратты қорыту қасиеттерін көрсетуге тиісті.
2. Ғылыми мақала- зерттеушінің әдеби өнімінің ең кең таралған нысаны болып
табылады.
Мақалалар ғылыми журналдарда, ғылыми немесе ғылыми-әдістемелік
жинақтарда жарияланады.
Ғылыми мақалада қорытындыларды, ғылыми
тұжырымдар мен ұсыныстарды
баяндаудың үлкен мәні бар. Мақаланың бұл бөлігінде зерттеу нәтижелерінің негізгі
астарларын қысқа да нұсқа беру және оларды педагогикалық практикада қолдану
жолдарын көрсету қажет.
3. Ғылыми есеп, баяндама. Ғылыми есепке
мынадай негізгі талаптар
қойылады: материалды құрудың дәлдігі; баяндаудың логикалық дәйектілігі; сенімді
дәлелдеме; қисындаудың қысқалығы мен дәлдігі; жұмыс нәтижелерін баяндаудың
нақтылығы; қорытындылардың дәлелдігі мен ұсынымдардың негізділігі.
Есептің негізгі бөлігін мыналар құрайды: кіріспе,
берілген тақырып бойынша
ғылыми әдебиетке талдамалық шолу; жұмыстың таңдап алынған бағытын негіздеу;
есептің орындалған жұмыстың әдістемесін, мазмұны мен нәтижелерін көрсететін
бөлімдері (тараулары); қорытынды (тұжырымдар мен ұсыныстар).
Ғылыми баяндама мазмұны бойынша ғылыми есепке жақын. Соның өзінде ол
зерттеу проблемасының барлығын емес, оның белгілі бір аяқталған бөлігін, аспектісін
қамтуы мүмкін. Ғылыми баяндаманы рәсімдеуге және оның нысанына ғылыми есепке
қойылатындай, онша талап қатаң қойылмайды. Баяндама тілі, әдеби стилі бойынша
ауызша айтуға, дауыстап айтуға лайықталған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: